«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандағы бизнес-ахуал ТМД бойынша алдыда

2015 жылғы 11 Наурыз
3452 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев елордада өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты қолдауының арқасында Қазақстанда бизнес жүргізу үшін керемет жағдай жасалғанын айтты.

«Кәсіпкер жауапкершілігін сақтандыру институты құрылды, бұл бизнес үшін қуатты қолдау. «Инвестициялар туралы» Заңға сіздің бастамаңызбен жасалған соңғы түзетулер әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайында да тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін күшті ынта береді. Барлығымыз да Нұрсұлтан Әбішұлының еуразиялық идеяларының жүзеге асырылу жолдарына куә болып отырмыз. Еуроодақтан кейінгі әлемдегі ірі интеграциялық бірлестік құрылды. Оның жалпы нарығы 176 млн. адамды қамтыса, сыртқы сауда айналымы бір триллион АҚШ долларына жетерлік. Қазірде біздің бизнес қазақстандық нарықтан он еседен артық шамада асып түсетін өткізу нарығына кедергісіз өте алады. Ал мен, келіссөз процесінің тікелей қатысушысы ретінде еуразиялық интеграция жағдайының тең құқылы және прагматикалық негізде қалыптасқанын айтқым келеді. Сіз үнемі алысқа көз тастайсыз. Ұлттық қор құрылып жатқанда, сыншылар, скептиктер көп болды, алайда сіз ауыр күн туатынын, сонда Ұлттық қордың сақтап қалатынын ескертіп едіңіз. Ал қазір осының арқасында еліміз көлемді «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыра алады. Дағдарысқа қарсы аталмыш бағдарлама бұл күнде бизнеске сенім ұялатады және жағымсыз тенденциялар қысымына шыдас беруге сеп болып, жұмыс орындарын сақтап қалуға ғана емес, жаңа орындар жасақтауға мүмкіндік береді».

Рахим Ошақбаев Елбасыға жүгіне отырып, бизнестің үнемі қамқорлық пен қолдауды көріп әрі сезініп отырғанын растады. «Елімізде ТМД бойынша ең үздік бизнес-ахуал қалыптасқан. Нәтиже де айқын: соңғы екі жылда ғана шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілер саны 50 мыңға артқан. Шағын және орта бизнес өнімдерінің жиынтық көлемі бір жарым триллионннан асып, ШОБ-та жұмыс жасайтындар саны 150 мыңнан асқан және шамамен екі миллион сегіз жүз мың адамды құрайды».

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары соңында бизнес үшін бастысы – тұрақтылық, болжамдылық, бірлік, келісім екенін және мұны біздің көшбасшы ғана қамтамасыз ете алатынын атады. «Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен көптеген сынақтардан, дағдарыстардан лайықты түрде өтті. Ал бизнес-қоғамдастық ұлт көшбасшысының елді әлі де, әсіресе осындай қиын-қыстау кезеңде алып жүретіндігіне сенімді». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер