«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналар мөлшері бекітілді

2015 жылғы 04 Наурыз
3745 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабы 1 тармағына сәйкес 2015 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезінің (№ 2 Хаттама) мынадай шешімдер қабылдағанын хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабы 2 тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері топтарының ішінде саралау бекітілсін және 2015 жылға арналған міндетті мүшелік жарна мөлшері бекітілсін - қар. Міндетті мүшелік жарна мөлшері кестесі.docx

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабы 2 тармағы 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері тобы міндетті мүшелік жарна төлеуден босатылсын:

1) 50% мөлшерінде: есептік күнтізбелік жыл 1 қаңтарына дейінгі ахуалы бойынша жүз пайыз дауыс беруші акциясы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлға (негізгі ұйым) және заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: есептік күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі ахуалы бойынша елу пайыздан астам дауыс беруші акциясы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлға (негізгі ұйым) және заңды тұлғалардың әрқайсысы.

3. Осы шешімнің 2 тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілі» деп меншік құқығында тиесілі болу түсініледі;

2) «жанама тиесілі» деп әрбір келесі заңды тұлғаның меншік құқығында өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуі түсініледі;

3) нақты заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2 тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген өлшемдер сәйкес келген жағдайда, аталмыш заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) нақты заңды тұлғаға қатысты міндетті мүшелік жарна төлеуден босату  бір мәрте қолданылады.  

4. Есептік кезеңде мүгедектер саны жұмысшылардың жалпы санынан кем дегенде елу бір пайызды құраған ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% босатылсын.

Міндетті мүшелік жарналар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға арналған түсініктемелер

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) 2014 жыл бойында бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірге міндетті мүшелік жарналар (ММЖ) смөлшерін анықтау тәсілдемелерін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізді.

Осы мақсатта ҰКП-да аккредиттеуден өткен басым көпшілік бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен жұмыс тобы құрылған болатын. Бұл топ бірнеше ай бойы ММЖ мөлшерін анықтау схемасын жетілдіру бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстарын қабылдады.

Нәтижесінде: 

  1. ММЖ мөлшерін пайда пайызы бойынша анықтау;
  2. ММЖ мөлшерін жылдық жиынтық табыс (ЖЖТ) бойынша анықтау;
  3. ҚР «ҰКП туралы» Заңында белгіленген қолданыстағы санаттар ішшінде кіші санаттар белгілеу сияқты оңтайландырудың 3 нұсқасы таңдалған болатын.

2014 жылдың 25 маусымында бұл нұсқалар ҰКП Бірінші съезі делегаттарына ұсынылған болатын, нәтижесінде жалпы тәсілдемелер, кейін егжей-тегжейлі қарастыру мен заңнамаға тиісті түзетулер енгізілуге тиіс деп,  қолдау тапты.

Бірінші және екінші нұсқауларды іске асыру ҰКП күшімен мүмкін болмады, себебі заң жүзінде шектеулер ескерілген (салық құпиясы), ал салық органдары әзірше бұл үрдіске әкімшілік етуге дайын емес. Сол себепті үшінші нұсқа ең қолайлысы болып табылды.

Заңға тиісті түзетулерді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті қолдау нәтижесінде ҰКП съезі құзыретіне қосымша кіші санаттар (градация) және ММЖ төлеуден босату құқығы жатқызылды

2015 жылға ММЖ мөлшерін бекіту мақсатында ҰКП ІІ съезіне қосымша 10 кіші санатқа сараланумен 2 нұсқа, ал бұл кіші санаттар ЖЖТ 1 500 000 есе АЕК-тен жоғары субъектілер үшін кіші санат ұзақтығымен (1 және 1,5 миллиард теңге), сонымен қатар 2015 жылға арналған ММЖ мөлшері шығарылды.

2015 жылдағы санат бойынша ММЖ-ның ең жоғары және ең төменгі мөлшерлері 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы № 1560 Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен бекітілген шекті мөлшерлерімен салыстығанды келесідей мөлшерде төмендетілген:

- 3 пайызға (160 АЕК-тен 155 АЕК-ке дейін) және 50 пайызға (160 АЕК-тен 80 АЕК-ке дейін) тиісінше жылдық жиынтық табысы АЕК 60 000 еселенген көрсеткіштен 1500 000 еселенген АЕК-ке дейінгі субъектілері үшін;

- 31 пайызға (4400 АЕК-тен 3030 АЕК-ке дейін) және 89 пайызға (4400 АЕК-тен 505 АЕК-ке дейін) тиісінше жылдық жиынтық табысы 1 500 000 еселенген АЕК-тен жоғары мөлшердегі субъектілер үшін.

Мысалы, 2014 жылы ЖЖТ 111-ден 278 млн. теңгеге дейінгі субъектілер үшін ММЖ ең төменгі 158 560 теңге мөлшері орнатылған, ал 2014 жылы  ЖЖТ 2,8-ден 4,3 млрд. теңгеге дейінгі субъектілер үшін 2015 жылға ММЖ мөлшені 1 000 910 теңгені құрайды. Сонымен бірге 2014 жылы ЖЖТ мөлшері 10,3 млрд. теңгеден асып кеткен субъектілер ғана төлейтін ЖЖМ мөлшерінің ең жоғарғы мөлшері 8 148 800-ден 6 005 460 теңгеге дейін төмендетілді.

2015 жылғы 26 қаңтарда өткен  ҰКП съезі делегаттарының жұмыс кездесуіне қатысқан өңірлік кеңес және аккредиттелген қауымдастықтар (одақтар) делегаттардың мақұлдауы берілгеннен кейін, аталған нұсқаулар 2015 жылғы 27 қаңтарда өткен ҰКП екінші съезі аясында ұсынылып, бекітілген нұсқаудың таңдауынан басқа кәсіпкерлік субъектілерін ММЖ төлеуден босату критерийлері анықталды.

Мысалы, егер компаниялар тобында былай болса: А компаниясы В компаниясының 100% акциясына ие, ал С компаниясының жалғыз қатысушысы В компаниясы, онда А, В және С компаниялары ММЖ төлеуден 50% босатылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер