«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дүниежүзілік банк Қазақстанда шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамытуды қолдайды

2015 жылғы 03 Наурыз
4359 просмотров

Кеше Дүниежүзілік банк Тобының Атқарушы директорлар кеңесі Қазақстанда шағын және орта бизнестің (ШОБ) бәсекеге қабілеттілігін және басқарушылық дағдыларды дамытуға 40 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз беруді мақұлдады.

“Шағын және орта бизнес экономикалық өсім мен халықтың жұмыспен қамтылу көзі екені, осылайша ортақ әл-ауқат негізі болып табылатыны бәрімізге белгілі”, деп атады Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің Тұрақты өкілі Людмила Бутенко. “Бұл жоба қазақстандық ШОБ бәсекеге қабілеттілігін көтеріп, өндіру салаларына тәуелділікті төмендету жолымен экономиканы әртараптандыруға сеп болады деп күтілуде”.

Бүгінгі таңда ШОБ басқару үшін кәсіби дағдылардың жетіспеушілігі мен нарықтық байланыстардың шектеулілігі Қазақстанның жеке меншік секторына ұшырасып жататын басты кедергілер болып табылады. ШОБ бәсекеге қабілеттілігін  дамыту жөніндегі жоба басқарушылық әлеуеттің өсуін қамтамасыз ету және сапалы жұмыс орындарын көптеп жасақтау мақсатында басқарушылық әлеуетті нығайтуға бағытталған. Осыған орай бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламалары сапа және әдіснама тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкес жақсартылмақшы. ШОБ және басқа да мыңдаған кәсіперлерге кәсіби консултациялар өткізу үшін жүздеп саналатын бизнес-консультанттар оқытылып, сертификатталатын болады.

Жоба сонымен қатар өсу үшін нарықтық әлеуетке ие шикізаттық емес сектордағы ШОБ нарықтық байланыстарын кеңейтуге жұмылдырылады. ШОБ және ірі сатып алушылар арасындағы жаңа байланыстар нарықтарға кіруді жақсартады. Осыған орай, жоба жеткізушілерді дамыту бағдарламасын іске қосуға және экономиканың жаңа дамып келе жатқан салаларында бәсекеге қабілетті секторларды дамыту бойынша шешім қабылдайтын мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін күшейтуге бағытталған. Дәлелді тәжірибе негізінде шешім қабылдау бұрыннан келе жатқан мониторинг және бағалау тәжірибелерін жақсарту, сонымен қатар жөнге салынған мемлекеттік-жеке меншік сұхбат жолымен жетілдірілетін болады.

Аталмыш іс-шаралар ШОБ өнімділігі мен табыстылығын көтереді, сондай-ақ ШОБ-тың ел экономикасына үлесін арттырады, деп күтілуде.

Бесжылдық жобаны жүзеге асыру (2015-2020 жж.) ұлттық келісу және бекіту процедураларын аяқтағаннан кейін басталады.

ШОБ бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі жоба Халықаралық қайта құру және даму банкінің 15 жыл өтеу мерзімімен және 5 жылдық жеңілдікті кезеңімен 40 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз беруі арқылы қаржыландырылмақшы. Қазақстан Үкіметі тарапынан бірлесіп қаржыландыру 6 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер