«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП құрылыс материалдарын өндірушілер тізілімін жасайды

2015 жылғы 02 Наурыз
3086 просмотров

Салынып жатқан жалгерлік тұрғын үйдегі қазақстандық мазмұн жобалық-сметалық құжаттама өлшемдерін қайта қараудың арқасында арттырылуы мүмкін.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы базасында тұрғын үй құрылысы бағдарламасын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Қазақстандық ипотекалық компания, Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан қаржыландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Ұлттық экономика министрлігі, салушылар мен банктер сарапшылары қатысты.

ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өз сөзінде Ұлттық палатаның коммерциялық жалгерлік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға қатысу талаптарын, қағидаларын, тәртібі мен ролін белгілеу қажеттігін атап отыр.  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алина Алдамберген өз тарапынан «Өңірлерді дамыту бағдарламасы 2020» негізгі бағыттары жайлы айтып берді. Бұл бағыттардың біріншісі жалгерлік тұрғын үйді Қазақстандық ипотекалық компания желісі бойынша салуға бағдарланса, екіншісі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісімен. Ол бұл бағыттар бойынша жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған тұлғалардың ғана мақсаттық топ болып табылатынын хабарлады. Қазақстандық ипотекалық компания төрағасының орынбасары Болат Досмұхаметов аталмыш механизмдер бөлшектерінің презентациясын өткізді. Ол презентациямен мына жерде танысуға болады – ЕДБ-да депозиттер орналастыру бағдарламасы.pptx

Кездесу барысында ҰКП сарапшылары құрылыста қазақстандық мазмұн үлесін барынша өсіру қажеттігін, бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін ұлғайту қажеттігі түйткілін көтерді. Бұл мәселе Елбасының салада Қазақстанда жасалған құрылыс материалдарын белсенді түрде қолдану туралы тапсырмасынан туындап отыр. ҰКП осы міндеттерге қол жеткізу үшін отандық өндірушілер, жеткізушілер тізілімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты бастап кетті, себебі Өнеркәсіптік өндірістерді қолдау жоспары жергілікті атқару органдарының жобалық-сметалық құжаттама бойынша әрекеттегі талаптарды қазақстандық мазмұн мәніне қайта қарауын көздейді. «Бәйтерек Development» ақпаратына қарағанда, қатысушылар жерлерінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қатысушыларды іріктеудің дайындалған ережелеріне сәйкес компанияны іріктеу жұмысы бастау алған.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасының өкілдері салынған нысандар бойынша инженерлік коммуникацияларды ұйымдастыруға кететін шығындардың орнын толтыру жөніндегі бағдарлама өзектілігі түйткілін көтерді, себебі бұл бағдарлама қазір жұмыс жасап отырған жоқ.  Жергілікті атқарушы органдар іс жүзінде жерді инженерлік желілерсіз ұсынуға құқылы емес, алайда желілер құрылысына бағдарлама ғана бар. Салушы коммуникациялар төселмеген жерде нысандар тұрғызу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алады деген қауіп те жоқ емес. Ал жергілікті атқарушы органдарда шығындардың орнын толтыру үшін қаражат жоқ.

Ұлттық палата жақын арада тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру барысында республикалық және өңірлік деңгейлерде бизнес-қауымдастықтар мүшелерін ақпараттандыру үшін қосымша жиналыс ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер