«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Владимир Семейкин: «Дәм мен сапа — біздің көкөністеріміз үшін ең мықты жарнама»

2015 жылғы 24 Ақпан
- Қостанай облысы
11453 просмотров

Соңғы кездері орын алған экономикалық оқиғалар жағдайында, қарапайым жандар түсінігінше еуразиялық интеграция бойынша бизнес-әріптестер біздің азық-түлік нарығында емін-еркін тіршілік кешуде. Алайда отандық өндірушілер үшін соншалық апатты ештеңе де орын алып жатқан жоқ. Ал өнімділік, сапа және ғылыми білімдер кәсіпорын дамуының негізіне алынғандықтан, бұл қиыншылықтар уақыт еншісінде. Мысалы, «ТЭРРА» шаруа қожалығының басшысы Владимир Семейкин қостанайлықтардың қандай дәмдеуішпен берсең де, жергілікті картоптан бас тартпайтындығына сенімді. Сондықтан да өндірісті жетілдіру ойда бар. Оның үстіне бұл биылғы жылы қолға алынбақшы

- Владимир Иванович, шекараның ашылуы, арзан рубль және біздің сөрелердегі ресейлік көкөністер көңіліңізге қаяу түсірмейді ме? Ауыл шаруашылық еңбек, басқалары сияқты емес, оның мәні жаз бойы жерге жіберген аграрийдің маңдай тері. Сіздің шаруашылықтың баға саясатында осы қиындықтардың барлығы көрініс беріп жатыр ма?

- Иә, ресейлік біршама арзан тауарлар келіп жатыр. Алайда біздің шаруашылық сатылым азайып кетсе де, мақсатты түрде бағаны құлдыратқан жоқ. Ресейлік көкөністердің керісінше қымбаттайтынына сеніп отырмыз. Байқасаңыз, баға өсіп те келеді. Сәл бұрын 13 рубль болса, қазір 20. Картоп — бұл шылым да, нан да емес. Егістік өсірдің: бір бөлігін желінеді, нашары шіриді, ал сатылмағанына сақтау жөніндегі шығындар қосылады. Ол  қарашада қанша тұрса, ақпанда сонша бағаға беріле қоймайды. Сондықтан да көктемге қарай біздің баға не теңеседі, не төмендейді. Қорымыз жақсы сақталды, сондықтан да бұл құнына әсер етпейді, тұтынушы, мәселен, бұдан тек пайда көреді. 

- Жарайды, картопты қойып, екінші мәселе нан, мұнда үнемі бәсеке болып келді. Алайда сіздер қырыққабатты да, сәбізді де өсіресіздер ғой.

- Биыл жақсы да сапалы қырыққабат әкелінген жоқ. Басқа көкөністер де дәл солай. Егер ресейлік пияз кіре алды демесек, оның өзі де сезілмеді....

- «Сапалы» дейсіз. Бұл жағдайда «қымбат-арзан» санаттары тұрғысынан ойлағанымыз дұрыс болмай ма?  

- Тіпті сөрелерде өнімдер оңтүстік өңірлерден әкелінген болса да, қымбатырақ сата аламыз. Себебі біздің шаруашылық одан да тәуір өнімді өсіріп, сатады. Бұл біздің жақсы болғандығымыздан емес. Бұған бірнеше фактор әсер етеді, ол туралы тұтынушы кейде тіпті ойланбайды да. Бұл тыңайтқыштар көптеп, солтүстіктегіден бірнеше есе артық себілетін топырақ. Бұған заманауи суару да кіреді. Соңғы жылдары суарылатын гектардың өнімділігімен жұмыс жасап жүрміз. Су шығынының көлемін азайттық, алайда суару жиілігінің есебінен өсімдіктерге жайлы жағдайды қамтамасыз етеміз. Топырақтағы микроэлементтердің тапшылығын анықтаймыз. Егер мыс, цинк немесе бор жетіспесе — жақсы өнім болмайды. Біз осы деңгейде жұмыс жасаймыз. Тұтынушы біздің картоптың дәмділігін ғана емес, ұзақ сақталатындығын да білетіні анық. Осы үшін де тиынды үнемдемейді. 

- Ғылыми зерттемелер, табиғи сапа, тұрақты сатып алушы. Келісемін, тұрақтылық шеберліктің белгісі. Алайда бизнесте мұның қажеті шамалы. Шаруа қожалығында да солай шығар

- Шынымен де, бізде экспорттың үлесі — нөл. Өнімді сыртқа анда-санда ғана шығарамыз, негізінде, бәрін де осы жерде өсіріп, осында сатамыз. Біздің шаруашылық үлесіне көкөністердің әрбір оныншы тоннасы ғана келеді. Дегенмен де еңбек өнімділігіне де назар аударып жүрміз. Ал оның негізі — түсім, әрбір гектардың берері. Алайда, егер біз өнімділікті арттырар болсақ — сақтау бойынша жағдайлар қажет болады. Былтырғы жылы мен 10 мың тонна өсірдім, ал қоймам алты жарым тоннаға ғана лайық. Шынымды айтсам, өкініштен өртендім. Өндірісті қысқартуға бару — демек, адамдарды жұмыссыз қалдыру, техника тұралап қалады. Және бұл дұрыс та емес. Сондықтан да, жуықтағы екі жылда қосымша үш модульді көкөніс қоймаларын салу жоспарда бар. Биыл екі жарым тоннаға және келесі жылы бір жарым тоннаға. 

- Олар да жаңа технологияларды көздейді ме? 

- Иә, бұл заманауи жылытылған ангарлар болмақ. Өніммен технологиялық жұмысқа арналған аумағымыз аз. Адамдар жайлы да жылы жерде жұмыс жасай алатын, жуу, сұрыптау, бөлшектеуге аумақ қажет. Көкөністер үшін бір температура, адамдар үшін басқа температура қажет. Бұл қоймалар да осындай жағдайды көздейді. 

- Жоба шығыны көп болатын шығар, ал бүгінде барлығы бірдей мәжбүрлі түрде үнемдеу туралы айтып жатқанда өндірісті жетілдіруге бармақшысыз...

- Қарапайым ғана есептеулер бойынша құрылыс 180 млн. теңге болады. Және де, әрине, егер банктен кредит алар болсақ, оны алып жүре алмаймыз. Көп дегенде 7%-бен, мемлекеттік бағдарламалар арқылы «ұзақ ақшалардан» алар болсақ  - онда мәселе басқаша. Онда бұл ақшаны 8-10 жыл ішінде ақтап аламыз. Қазір БАҚ-қа мемлекеттік маңызды инвестициялық жобаларға қаражат бөліп жатқаны жайлы ақпарат келіп түсуде. Осыған қол жеткізуге сеніп отырмыз.  

- Демек, бүгінде өз түйткілдерін өз беттерінше шешуге дайын тауар өндірушілеріміздің жағдайы жақсы деп әлі де айтуға келмей ме?  

- Барлығы үшін айтпай-ақ қояйын. Алайда қолдауға зәру және оны алатын көптеген жандарды білемін. Мемлекеттен де, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан да. Егер түйткіл болып жатса және оны бірлесе шешсек, бұл ортақ іске пайдалы болар еді. Иә, қазірде, дағдарыстық құбылыстар байқалып жатқанда, жекелеген өнім түрлерінің импортын шектеу бойынша, тіпті ұлттық валютаның девальвациясы жайлы мәселелер көтерілуде. Бірақ, егер менің жабдықтарым, тұқым, бәрі де Еуропадан шетелдік валютамен жеткізіліп жатса, онда мен девальвация пайызынан шығын көретін едім. Сондықтан да ахуалды жан-жақты талдау қажет. Егер бұл кәсіпкерге тиімді болып жатса, онда тұтынушыға тиімді бола ма? Бұл жерде кесіп-пішілген, толық ұстаным қажет.  

- Тұтынушы мүддесіне қайта оралған екенбіз. Сіз өндірістің жалпы көлеміндегі шаруашылығыңыздың «қарапайым» үлесі жайлы айтып кеттіңіз. Осыған қарамастан дәл осы «ТЭРРА» қостанайлықтар арасында жергілікті көкөніс өнімдеріне синонимге айналып отыр. PR-ға, маркетингке көп жұмсайсыз ба?

- Дәм мен сапа — біздің көкөністеріміз үшін ең мықты жарнама. Тұтынушылар пікірі де осы жерден қалыптасатын болар. Арзанырақ етіп өндір, бірақ сапасы жақсы болсын, сонда сатып алушы да болады, бәсекелестен де қорықпайсың. 

- Олай болса, «таңбаны сақтап қалуды», жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз

- Рахмет! 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер