«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Андрей Лаврентьев: “Мемлекет шағын және орта бизнес өкілдерін баласындай көреді”

2015 жылғы 26 Ақпан
- Алматы қаласы
10787 просмотров

Табысты бизнесмен, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, беделді халықаралық “Entrepreneur Of The Year Award ” байқауының «2014 жылғы ең үздік кәсіпкер» номинациясы бойынша жеңімпазы Андрей Лаврентьев өз жетістігінің тарихымен бөлісті.

Бүгінгі таңда Allur Group автомобиль компанияларының тобы – бұл Toyota Fortuner, Huyndai автомобильдерін өндіруші, SsangYong, Peugeot, Iveco өндірушісі және ресми дистрибьюторы, Geely өндірушісі және ресми дилері, Suzuki, Mitsubishi ресми дилері, қолжетімді автомобильдер сараланымындағы бренд қол қою мәртебесінде жатыр. Allur Group компаниялар тобының дилерлері Қазақстанның 15 қаласында ұсынылған.

Барлығы да сонау 2003 жылы - Hyundai, Kia және Daewoo автомобильдеріне сервистік қызмет көрсетумен айналысатын Allur Auto компаниясының негізі қаланған сәттен бастау алған еді. Андрей Лаврентьев пен серіктестері өздерінің алғашқы дилерлік жорығын SsangYong компаниясына Қазақстанда жылына кем дегенде 55 машина сатуға кепілдік берумен аттанған еді. Қазақстандық жас компания бірінші жылы 65 автомобиль сатып, алға қойылған жоспарды асыра орындап, SsangYong компаниясының ең үздік дилері атанады. 2004 жылдың соңына қарай компания айналымы $3 млн құрайды.

Одан бері 10 жыл өтіпті. 2014 жылдан бері Allur Auto компаниялар тобы қосымша Toyota, Fortuner моделін, сонымен қатар Hyundai жеңіл автокөліктерін шығара бастайды.  2015 жыл бойында жаңа жабдық орнатылып, ал жыл соңына қарай компания ресейлік және белорустық нарықтарға шықпақшы. 2020 жылға қарай жылына 100 мың автомобиль шығару келешек жоспарлар еншісінде.

Андрей Лаврентьевтің ойынша, нарық әрі қарай жылжу үшін, мемлекеттік деңгейде бірнеше міндеттерді шешіп алу қажет. Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі «ата-ана - балалар» және «мемлекет – ШОБ» қатынастары арасын қатар қоя салыстырды.

«Мемлекет үшін ШОБ өкілдері есею, қалыптасу кезінде зейінді, қолдауды, қамқорлықты қажет ететін бала, қамқорлықтағы жан болып табылады. Бұл, мәнісі жөнінен, өз-өзіңе, өз болашағыңа құйылатын инвестициялар. Бүгінде ШОБ тағдырының қамын жей отырып, мемлекет сенімді экономикалық болашақтың дамуына іргетас қалайды. Бүгінде ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі шамамен 18% құрайды. Сондықтан да ЖІӨ үлесін арттыру үшін және «шикізат» деген бағдардан біртіндеп арылу үшін, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Мемлекеттің туындаған мәселелерді шешу үшін құралдар беріп отырғанын, ал бизнес өкілдерінің бұдан арғы даму үшін жауапкершілікті өз мойындарына алғанын атай кету керек. Сонымен қатар ұсынылған көмек үшін сәйкесінше сұрау да болады. Сондықтан да арқа сүйеп алған деп айтуға онша келе қоймайды. Бұл ШОБ тарапынан қандай да бір жауапкершіліксіз қамқорлық емес, дұрыс көмек», - деді Андрей Лаврентьев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер