«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіптік білім: мемлекет пен бизнестің қолдауы

2015 жылғы 25 Ақпан
3469 просмотров

Британдық сарапшы Мэтью Андерсонның ойынша, мемлекет пен бизнес дуалды білім беруді дамыту үшін жауапкершілікті ортақ алып жүруге тиіс. Сарапшы бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

«Дуалды білім беруді дамыту тек қана бизнестің не тек мемлекеттің ғана міндеті деуге болмайды. Мемлекет өз тарапынан жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыруды, дұрыс легитимді базаны ұсына алады. Алайда бизнес те жауапкершілікті түсінуге тиіс, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікте болуға тиіс, және де жастардың болашағы үшін жүктемені толығымен мемлекетпен бірдей алып жүруге тиіс. Дуалды білім берудің мәні әрбір тараптың ынтымақтастығында және осы процестегі өз ролі мен міндетін түсінуінде болып отыр», - деп түсінік беріп кетті Мэтью Андерсон. 

Ұлыбританиядан келген халықаралық сарапшы сонымен қатар Қазақстанда тәлімгерлік институтының белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. «Жастар кәсіптік техникалық білім беру не жоғары білім беру аясында мектеп саласында ғана білім алмайды, ал ересек адам өз білім мен мансап жолы үшін өмір бойында жауапты болады. Сәйкесінше, тәлімгерлік институты жас машықтанушылар, еңбек процесінің болашақ толыққанды қатысушылары үшін жауапкершілік алатын тәжірибелі, кәсіпқой қызметтердің болуын болжайды», - деді Ұлыбританиядан келген қонақ.  

Ол сонымен қатар «қазақстандық білім берудің мазмұнды жаңарту жөніндегі жаһандық тренд аясында дуалды білім беру және интернационалдандыру мәселелері бойынша жаңару процесінен өтіп жатқанын» атады. «Қазақстан өз ұстанымын әлемдік қоғамдастықпен салыстырып отырады, барлық әлемдік трендтерді қарайды және осы процестердің барлығына белсенді түрде кірігеді», - деп түйіндеді Мэтью Андерсон.  

 

Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер