Жастар кәсіпкерлігі – экономикадағы стратегиялық ресурс
ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңестің жұмыс органы ұйымдастырған «дөңгелек үстел» басында Астана қаласы жастарының кәсіпкерлігі мен жұмысқа орналасу мәселелері талқыға түсті.
«Жастар кәсіпкерлігі саясаты тиімді болуы үшін кеңейтілген саясат әрі жұмыспен қамту бағдарламалары мәнмәтіні тұрғысынан, түрлі салалар мен түрлі деңгейлерде ықпал ету шараларын қолдана отырып, кешенді негізде келу керек. Бұл шаралар жастар алдында тұрған нақты түйткілдерге бағытталуға тиіс», - деп атады ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Рашид Күзембаев.
Оның ойынша, бұл, ең алдымен, кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, түрлі білім беру деңгейлерінде кәсіпкерлікке оқытуды енгізу, нормативтік-құқықтық ортаны жақсарту, қаржыландыру көздерінің қолжетімділігі, сонымен қатар бизнсті дамыту және қолдау қызметтері.
«Деректер көрсетіп отырғандай, жұмыс орындары тапшылығы жағдайында жұмыссыздық жастарға қауіп төндіреді. Ағымдағы экономикалық дағдарыс кезінде алдымен жастар жұмыстан шығарылады (жұмысқа да соңғы боп қабылданады). Нәтижесінде жұмыстан шығарылған миллиондаған жас жұмысшылар ауылдық жерге қайтып оралады, ал ол жерде баламалы жұмыс таба қою мүлдем мүмкін емес те. Ересектермен салыстырғанда, жастар жұмыссыздығы үш есе артық қауіп төндіреді – дүниежүзінде жұмыс жасайтын әрбір бесінші жас жұмысшы күніне 1 долларға, өте кедей өмір сүреді. Сондықтан да жастар таңдау бойынша емес, қажеттілікке қарай кәсіпкер болып, өзін өзі жұмыспен қамтуға көшеді», - деді Рашид Күзембаев.
Көпшілік жастар кәсіпкерлік дағдыларының шектеулілігі, кәсіпорынды басқаруға қажет болатын дүниелер жайлы ақпарат деңгейінің төмендігі, бизнесті дамыту бойынша қолжетімді қаржыландыру немесе қызметтер көздерінің болмауы жағдайындағы бейресми экономикада тірі қалуға тырысады.
«Осыған орай мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар жауапты жастар кәсіпкерлігінің қоршаған орта, экономика және жұмыспен қамту саласындағы жаһандық түйткілдерді шешу үшін негізге алынуға тиістігін мойындай отырып, жастар кәсіпкерлігі шаралары мен стратегиясы тиімділігінің өсуіне ерекше көңіл бөледі», - деп атады ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес жұмыс органының мүшесі Әуез Қарабалаев.
Қарлығаш Жүсіпбекова
Пікір қалдыру:
Пікірлер: