Музыкалық фонограммаларды қолданғаны үшін сыйақы мөлшерлемесі қайта қарауды талап етеді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қауымдастықтар, кәсіпкерлер, сонымен қатар авторлық қоғамдастықтар қатысуымен авторлық және сабақтас құқықтар мәселесі бойынша жиналыс өтті.
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына байланысты өз мекемелерінде немесе өзге де көпшілік орындарда фонограмма (ән, музыка және т.б.) қолданушы кәсіпкерлер авторлық қоғамдастықтармен кейін құқық иелеріне сыйақы төлеумен лицензиялық келісім жасауға міндетті екенін еске саламыз.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қауымдастықтар пікірінше, бұл норма теледидарлар орнатылған қонақ үйлер нөмірлеріне қатысты емес.
Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ойынша, орындаушылар мен фонограмма шығарушыларына ұсынылатын минималды сыйақы мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері қайта қарауды талап етеді, себебі олар бизнес субъектілеріне қосымша жүктеме болады және олардың саралануы да сонша әділетті емес.
Жиналыс қорытындысы бойынша, тараптар фонограммалар орындаушылары мен шығарушыларына сыйақы мөлшерлемесінің ең төменгі мөлшерін қайта қарау мәселелері бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Әділет министрлігі, авторлық қоғамдастықтар және бизнес-қауымдастықтар қатысуымен бірлескен жұмыс тобын құру қажеттігі жайлы бір ойға келді. Сонымен қатар «Соттардың авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды қорғау туралы кейбір заңнама нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қаулысы жобасын талқылауға қатысу қажеттігін жөн көруде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: