ҰКП өкілдері ірі қаржы институттарындағы директорлар кеңестеріне кіреді
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі бизнесті қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қуандық Бішімбаев қол қойды.
ҚР ҰКП және «Байтерек» Холдингі бірнеше бағытта ынтымақтаспақшы, атап айтқанда, қаржы-инвестициялық қызметті дамыту, кәсіпкерлік пен инновацияны қолдау, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту саласында. Қазірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған экономиканы әртараптандыру және отандық кәсіпкерлерге шынайы көмек көрсету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін шешімдерді ескере отырып іс-шаралар жоспары жасалуда.
«Осындай күрделі уақытта еліміздің экономикасын дамытуға жеке меншік бизнесті барынша көп көлемде әрі кеңінен тарту маңызды. Ондағы біздің экономикамызды әртараптандыру бойынша ортақ мақсатты жүзеге асырудағы көмекшілер ретіндегі міндетіміз рұқсат ету процедураларын жеңілдету, әкімшілік кедергілерді төмендету, заңсыз тексерістерді тоқтау бойынша бірқатар міндеттерді орындау... Бұның барлығы кәсіпкерлердің осы қиын кезеңнен лайықты түрде өтуі үшін жасалуда», - деп баса айтты ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.
Құжатқа сәйкес, «Бәйтерек» холдингі қызметінің қаржы-инвестициялық бағытын дамыту саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында және кәсіпкерлік пен инновацияларды қолдау жағынан ҚР ҰКП өкілдерінің, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ қоса алғанда, қаржылық және (немесе) инвестициялық қызметті жүзеге асырушы, сондай-ақ «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және «ҚазЭкспортГарант» АҚ қоса алғанда, кәсіпкерлікті қаржылық және бейқаржылық қолдау қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы Директорлар кеңестеріне қатысуы қамтамасыз етіледі.
«Орын алып отырған экономикалық ахуалда бизнестің банк кредиттеріне сенуіне болмайды. Қазірде, негізінде, қаржыландыру тек мемлекет бөлген қаражаттан ғана мүмкін болып отыр, ал бұл 1 трл. теңге және даму институттарындағы қаражат. Ең бастысы, бұл қаражаттың экономикаға уақытында кіруі, ал одан әрі жолданушыға жетуі. Сондықтан да мемлекет қаражаты шығындарының тиімділігі мен Қазақстандағы өндірістерді жетілдіру мен даытуға деген нақты көмек «Бәйтерек» холдингімен бірлескен жұмысқа тәуелді болып отыр. Түйткілдің бар екенін ашық айтамыз, оларды шешу керек, шығару керек, ал біз соны жасаймыз да», - деді Тимур Құлыбаев.
ҚР ҰКП холдинг пен оның еншілес құрылымдарының қарауына инвестициялық жобаларды немесе қарыздық қаржыландыру немесе оларды әрі қарай қолдау үшін мемлекеттік қолдауды талап ететін жобаларды ұсынбақшы.
Сонымен қатар, ҚР ҰКП қазақстандық бизнесті холдинг пен оның еншілес құрылымдары жүзеге асыратын жоспарланған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары жайлы әлеуетті концессияшылар мен инвесторларды іздеу және іріктеу, сондай-ақ МЖӘ заңнамалық және институционалдық дамытуға бағытталған және басқа да бірқатар іс-шаралар, сонымен бірге оқыту іс-шараларын өткізу жағынан ақпараттандырмақшы.
«Бәйтерек» Холдингі мен оның еншілес құрылымдары қаржы құраладарының кең аясына ие, және де олар бұл құралдарды бизнеске тиімді талаптармен әрі «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынуға дайын. ҚР ҰКП-мен күш біріктіру Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда оң көрініс береді, және де экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялар тарту үшін жағымды жағдай жасайды», - деді «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: