ҰКП ауылдық кәсіпкерлер үшін микрокредиттеу қорын құруды ұсынады
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ-да өткен брифингте осы мәселені хабарлады.
ҰКП Басқарма басшысы айтып кеткендей, мұндай қорды құру кезінде Түркия тәжірибесін пайдалану жоспарланып отыр. Абылай Мырзахметовтің айтуынша, ол Қазақстанда жуық айларда пайда болады.
Осылайша, ҰКП ауылдық кәсіпкерлердің жеке ісін ашуы үшін қандай да бір қаражатты кепілдікті қамсыздандырусыз алуына көмектеспекші. Осыған орай Ұлттық палата «Бәйтерек» холдингімен және «Даму» қолдау қорымен келісімге қол қойды және мұндай қор пилоттық түрде жақын арада ашылатын болады.
«Біз мұндай қорды пилоттық түрде ашамыз және оның тиімді екенін әрі кредиттер бойынша 90%-дан астам қайтаруды қамтамасыз етуге, сонымен бірге ауыл тұрғындарының кредитті кепілсіз алуына сеп болатынын көрсетеміз», - дейді Абылай Мырзахметов.
Төраға сөзіне қарағанда, егер қор өз тиімділігін көрсететін болса, болашақта Үкіметке осы қорға біршама салмақты құюларды қамтамасыз ету бастамаланбақшы. Және де бұл ауыл кәсіпкерлері үшін айтарлықтай салмақты жәрдем болмақшы, себебі, банктердің ауылға бармайтыны белгілі.
Қарлығаш Жүсіпбекова
Пікір қалдыру:
Пікірлер: