«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тірек нүктесін іздеу жолында

2015 жылғы 17 Ақпан
3937 просмотров

Осындай күрделі дағдарысты уақытта шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға қорытынды жасау дұрыс болмас еді, алайда бұл бұрындары қолданылған шаралардың тиімділігін талқылайтын әрі жаңалар үшін тірек нүктелерін іздейтін кез. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығы мен сенаторлар ШОБ-тың іскерлік белсенділігін жандандыру өлшемдерін жасап шығуға бағдарланған кездесуді өткізе отырып, осындай қорытындыға келді.

Экономикалық ахуалды жақсы білетін екі тарап та қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нүктелік шаралары жайлы сөз қылды. Мәселен, анық белгіленген өлшемдер арасынан бизнесті тексеру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу сияқты өлшем аталып отыр. Бұл жүйе жоспарлы тексерістердің орнын ауыстырмақшы. ҰКП логистикалық, коммуналдық қызметтерге, әсіресе шағын бизнес субъектілері үшін тарифтеуді сақтау оң әсерін береді деген сенімде. Сонымен қатар, валюталық ақшалай түсімі жоқ өндірушілер үшін валюталық қарызды теңгеге айырбастау міндеті өз шешімін күтуде, ал ШОБ-та мұндайлар жетіп артылады.

Палата басшысы Абылай Мырзахметов бірден ҰКП-ның Еуразиялық экономикалық одақ аясында біздің бизнесмендерге ілесе жүретін жағдайға жедел жауап қатуына түрткі болатын бірнеше себепті атады: рубль құлдырауының салдарынан қазақстандық өндірушілер шығындары айрықша сезілуде. Жеткізулер рубль бағамына таңылған жағдайларда кәсіпорындар бұдан да көп шығынға ұшырауы мүмкін. Мұндай қолдау қажет болатын компаниялар ретінде Абылай Мырзахметов екі кәсіпорынды ғана атады, - қостанайлық «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасы мен Ақмола облысындағы «Бакара» етті қайта өңдеу компаниясын, - ал ел бойынша мұндай мысал жетіп артылады. Оның айтуынша, ахуалды анықтауға ҰКП өкілдері әрбір өңірде айына екі рет жүргізетін сауалнама көмектеседі. Және де, өңірлерден жеткен хабарларға қарағанда, Ресейден Қазақстанның шекара маңы өңірлеріне жеткізілетін өнім ұлттық нарықтың орташа бағасына қарай құнының 20-30%-ға төмендегенін көрсетіп отыр. Абылай Мырзахметов тұтынушылардың бір сәттік ұтысы дағдарысты жағдайда онсыз да өткір бәсекелестікке ұшырап отырған ұлттық ШОБ-қа ауыртпалық болып тиюі мүмкін екенін ескерте кетті.

ҰКП-ның заңнамашылармен бірге белсенді жұмыс жасауы қажет болатын тағы бір маңызды блок: мемлекеттік сатып алулардағы, сонымен қатар қазақстандық кәсіпорындардың екі жақты саудасындағы жергілікті мазмұн. Басқарма төрағасының айтуынша, «өзіміздікілерден сатып алған» оңай. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамалаған «Қазақстанда жасалған» науқанымен анық үйлесім табады. Абылай Мырзахметов әрекеттестіктің бұл секторында қызмет берушілердің де, ірі бизнес субъектілерінің де мүддесін сақтайтындай жұмыс жасау күтіліп отырғанын атай кетті.

 

 

 

ҰКП басшылығы да, сенаторлар да екі тарап үшін маңызды тақырыпты талқылау үшін кездескендіктен, сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдиннің ескертуі де ескерусіз қалмады: ҚР Президенті тапсырмасы бойынша 2050 жылға қарай Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесін екі еселеу күтіліп отыр. ШОБ қызметінің заңнамалық тірегі – парламентте талқыланып жатқан Кәсіпкерлік кодекс жобасы осыған септесуге тиіс. Дәл қазір нақты сұлбасы көрініп келе жатқан осы құжаттың кәсіпкерлер қызметінің базалық қағидаттарын да, олардың мемлекетпен әрекеттестігі өлшемдерін де бекітуі тұр алда.

ҰКП-дағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Ғани Қасымовтың сөзіне қарағанда, әрекеттестік үнемі жатық жүрмейді. Мәселен, ол берген деректер бойынша, 2014 жылдың соңына қарай Кеңеске еліміздің түрлі өңірлеріндегі бизнес өкілдерінен 4700 өтініш келіп түскен. Бір жағынан бұл ҰКП-ның бизнесті қорғау жөніндегі құрылым ретіндегі мүмкіндіктерін баса көрсетсе, екінші жағынан – «бизнес-мемлекет» байланысын өңдеу қажеттігін анық көрсетеді, деп есептейді ол.

ҰКП төралқасы агроөнеркәсіп кешені комитетінің басшысы Иван Сауэр әріптесінің ойын қуаттады. Комитет басшысы ауыл шаруашылық тауар өндірушілер түйткілін бірнеше мәрте жеткізген болатын. Оның пікірінше, АӨК-тің ШОБ секторындағы және ірі кәсіпорындарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі қажет мөлшерден  30%-дан астам мөлшерді көрсетіп отыр. Заң шығарушылардың қолдауынан үміттенген болар, Иван Сауэр «бұл түйткіл бойынша үкіметпен келіспегендіктеріне» назаланды.

Сонымен қатар, сенаторлар, егер ҰКП ұсынбаса, ауылдық жердегі қол жетімді тұрғын үй туралы табыспен жасалып, енгізіліп және жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар бойынша – жалгерлік пәтерлерді салу мүмкіндігі жайлы «ешкімнің де ойланбағаны» жайлы оның сөздерін атап өтті. Иван Сауэр өңірлерде қазірдің өзінде өзінше бір эксперимент жүріп жатқанын баса айтты. «Мұндай құрылыс қажеттігі мен аумақтарын» осы эксперимент белгілеуге тиіс.

Жалпы көңіл-күй ауанынан белгілі болғаны, мұндай кездесулер тұрақты өткізіліп тұруы мүмкін, және де ҰКП оларға сәйкес форма мен жағдайды сөзсіз таңдап береді. Ал парламент мүшелері өздеріне жақсы таныс құрал – заңнамалық жұмыс көмегімен қолдайтындары туралы мәлімдеді.  Отандық кәсіпкерлікті нығайту қажеттігіне орай ҰКП ұсыныстарын жедел жүзеге асыру жайлы әрекетіне тең. Талғатбек Абайділдиннің сөзіне сүйенсек, бизнестің дамуына кедергі келтіруі мүмкін көптеген мәселелер «Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында тауар өндірушілерді қолдау шараларын талқылау кезінде өз шешімін табады».

Кира ИВАНОВА


Еншілес ұйымдар

Серіктестер