«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП «Мәселелер тізілімі» бірегей онлайн-жобасының презентациясын өткізді

2014 жылғы 19 Ақпан
8812 просмотров

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  кәсіпкерлердің бизнес жүргізу қызметінде туындап отырған мәселелерді шешуде бизнесмендерге жүйелі түрде көмек ұсынуға бағытталған «Мәселелер тізілімі» жаңа онлайн-жобасын іске қосты.

Аталған жоба Ұлттық кәсіпкерлер палатасының www.palata.kz жаңартылған сайтында іске қосылды. 

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева атап өткендей, «Мәселелер тізілімі» елімізде кәсіпкерлер құқығын қорғау және қолдау көрсету мақсатында әзірленіп, өз алдына әр бизнесмен кәсіпкерлік қызметі барысында туындаған қиындықтар жайында хабарлама орналастыра алатын онлайн платформа болып табылады.

Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштер негізінде мәселелер құрылымдалып, ҚР ҰКП қызметі аясында кәсіпкерлерге тиісті көмек пен қолдау көрсетілетін болады. Әр өтініш мониторинг пен талдаудан өткізіліп, кейіннен жүйелі мәселелер бойынша заңнамалық деңгейде шешім қабылданатын болады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер