«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП «Мәселелер мен өтініштер тізілімі» жобасында тіркелген мәселелердің басым бөлігі заңнаманы жетілдіру қажеттілігімен байланысты болып отыр – Г. Құрбанбаева

2014 жылғы 19 Ақпан
8880 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева «Мәселелер тізілімі» онлайн-жобасының презентациясында сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер  палатасының «Мәселелер мен өтініштер тізіліміне» келіп түскен өтініштерді зерделей келе, кәсіпкерлердің мәселелерінің басым бөлігі заңнаманы жетілдіру қажеттілігімен байланысты болып отырғанын мәлімдеді.

«Көп жағдайларда барлық мәселелер заңнаманы жетілдіру қажеттілігімен байланысты болып отыр. Бұл ретте өзгертулер енгізу үшін жұмысты кезеңдеп жүргізу керек, не арнайы топтар құрамыз, не болмаса қолданыстағы ведомствоаралық алаңға барамыз, не болмаса Парламентке толық құжаттар пакетімен барамыз», - деді Гүлнар Құрбанбаева.

Сондай-ақ Гүлнар Құрбанбаева статистика бойынша мәселелердің басым бөлігі құрылыс саласында және өңдеуші өнеркәсіптерде, сатып алуларда туындап отырғанын атап өтті.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен іске қосылған «Өтініштер тізілімі» онлайн-жобасының алғашқы 2 ай жұмысында шамамен 1 625 өтініштер қабылданған.

«Өтініштер тізілімі» - Ұлттық кәсіпкерлер палатасының www.palata.kz ресми сайтында кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштер негізінде олардың мәселелерін тіркеп, жүйелі кемшіліктерді анықтап біріктіретін «Мәселелер тізілімі» бірегей онлайн-жобасының тарауы.  

 ҚР ҰКП Басқарма Тқрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева «Мәселелер тізілімі» жобасының презентациясында атап өткендей, аталған жоба кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге салсақ, бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында әр бизнесмен кәсіпкерлік қызметі барысында туындаған қиындықтар жайында хабарлама орналастыра алатын онлайн платформа болып табылатын  «Мәселелер тізілімі» жобасының презентациясы өтті.

Одан кейін мәселе құрылымдалып, ҚР ҰКП қызметі аясында кәсіпкерлерге тиісті көмек пен қолдау көрсетілетін болады. Әр өтініш мониторинг пен талдаудан өткізіліп, кейіннен жүйелі мәселелер бойынша заңнамалық деңгейде шешім қабылданатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер