ЕАЭО Кеден кодексіне 2015 жылдың соңына дейін қол қойылады
Астанада 2 күнге созылған кедендік реттеу саласындағы еуразиялық интеграцияны талқылау қорытындысы шығарылды. ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (министр) Владимир Гошиннің айтуынша, болашақ құжатта талдап, ескеру үшін, 2015 жылғы 1 наурызға дейін тараптардың ескертулерін алатындарына сенеді. Ол сонымен бірге кеден кодексі жобасының қатысушы елдерге келісу үшін 2014 жылғы желтоқсан айында жолданғанын атап өтті. Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения заңға 2015 жылдың соңына дейін қол қоюды жоспарлап отыр. Кеден кодексі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: