«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ведомствоаралық комиссияда кәсіпкерлер мәселелерін шешуді көздейтін нормативтік-заңнамалық актілерге 230-ден астам түзетулер енгізілген

2014 жылғы 19 Ақпан
8897 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева «Мәселелер тізілімі» онлайн жобасының презентациясында сөйлеген сөзінде  ведомствоаралық комиссияда кәсіпкерлік мәселелерін шешу және заңнамаға ревизия жүргізу аясында  нормативтік-құқықтық актілерге 230-ден астам түзетулер енгізілгенін атап өтті. 

«Заңнамаға ревизия жүргізу барысында Межведомствоаралық комиссия  тізілімде  көрсетілген мәселелерді шешетін 230-ға жуық нормативтік-құқықтық актілерге 152 түзетулер қабылданды. Қазір ведомствоаралық комиссия  жұмысына 235 түзетулер қабылданып, Парламент жұмысы аясында қарастырылатын арнайы заң жобасына қосылады», - деді Г. Құрбанбаева.

Сондай-ақ, Гүлнар Құрбанбаева статистика бойынша мәселелердің басым бөлігі құрылыс саласында және өңдеуші өнеркәсіптерде, сатып алуларда туындап отырғанын атап өтті.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен іске қосылған «Өтініштер тізілімі» онлайн-жобасының 2 ай жұмысында шамамен 1 625 өтініштер қабылданған.

«Көп жағдайларда барлық мәселелер заңнаманы жетілдіру қажеттілігімен байланысты болып отыр. Бұл ретте өзгертулер енгізу үшін жұмысты кезеңдеп жүргізу керек, не арнайы топтар құрамыз, не болмаса қолданыстағы ведомствоаралық алаңға барамыз, не болмаса Парламентке толық құжаттар пакетімен барамыз», - деді Гүлнар Құрбанбаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер