«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аграрийлерге берілетін субсидиялар ұлғайтылады

2015 жылғы 13 Ақпан
3429 просмотров

АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру көлемі 500 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. 2014 жыл қорытындысы және 2015 жылдың міндеттері бойынша ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мемлекет Басшысы ҚР Үкіметіне осындай тапсырма берді.  

ҚР ҰКП АӨК Комитеті Хатшылығының басшысы Рүстем Құрманов атағандай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылық өндірушілерінің, сонымен қатар салалық қауымдастықтар мен одақтар өтініштері негізінде Үкімет алдында АӨК субъектілерін 500 млрд. теңгеге дейін қаржыландыру аясында кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі ұзартылған міндеттемелер сомасын ұлғайту мәселесін сан мәрте көтерген болатын. Және де ҰКП-ның бұл ұсынысы ескерілді. «Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында АӨК субъектілерін 500 млрд. теңгеге дейін қаржылай сауықтыруды ұлғайтуды тапсырды, себебі қаржылай сауықтыруға деген қажеттілік әлі де бар», - деді Рүстем Құрманов.

Оның айтуынша, «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы түйткілді мәселе оны жеткіліксіз деңгейде қаржыландыру болып табылады. Яғни салалық бағдарламада аграрийлерді қолдаудың айтарлықтай тиімді қаржылық құралдары көзделген, алайда бағдарламада көзделгендей қаржыландыру бөлінбеген. Қаржы және ұлттық экономика министрліктеріне осыған көңіл бөлу керек, себебі АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау деңгейі бойынша біз әлі Ресей мен Белорусьтен артта қалып келеміз.

«ҰКП-ға бірқатар сұраулар келген болатын, онда кәсіпкерлер Үкімет алдында АӨК саласындағы субсидиялау көлемінің түсуіне жол бермеу туралы Үкімет алдында өтініш жасауды сұрайды. Оларды да түсінуге болады. Орын алып отырған күрделі экономикалық ахуалда, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды оңтайландыру жағдайында кәсіпкерлер АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың қандай бір бөлігін Үкіметтің «кесіп» тастауы мүмкін деп болжаған. АӨК дамуы үшін субсидиялау көлемі төмендемейтіні туралы ақпаратты қуана қабылдадық. Оның үстіне, субсидия көлемін 40 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға тапсырма берілдіБұл субсидияны біздің фермерлер алады да, ол мемлекетке сапалы ауыл шаруашылық өнімі түрінде асыра қайтарылады, сонымен қатар жұмыс орындарының сақталуы түріндегі мультипликативтік әсер береді», - деді Рүстем Құрманов.

ҰКП алаңы бойынша жеке ретроспективті инвестициялық субсидиялау жөніндегі мәселе көтерілді. Рүстем Құрмановтың сөзіне сүйенсек, бұл құрал «Агробизнес-2020» бағдарламасында көзделген.

«Егер кәсіпкер сүтті-тауарлы ферма құрса, онда салынған инвестиция сомасының бір бөлігін мемлекет өтейді, яғни кәсіпкер инвестициялық субсидия алады. Осылайша, мемлекет өндіріс көлемін өсіріп, импорт үлесін қысқарту қажет болатын секторларға инвестиция салынуын ынталандырады. Мәселен, еліміздегі сүт саласының дамуы мемлекеттің басымдылықты міндеті болып табылады, және сондықтан да оны дамыту қажет, соның ішінде инвестициялық субсидиялау арқылы», - деп түсіндірді АӨК Комитеті Хатшылығының басшысы.

Сонымен бірге бірқатар кәсіпкерлер инвестициялық субсидиялау құралын енгізгенге дейін басымдылықты инвестициялық жобаларды жүзеге асырып қойған. Осыған байланысты бұл кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың осы шарасын әлеуетті алушыларға қойылатын барлық сәйкес талаптар мен өлшемдер бойынша «ретроспективті» инвестициялық субсидиялауды енгізу мәселесін қарауды сұрайды. АӨК Комитеті Хатшылығы «ретроспективті» инвестициялық субсидиялау сомасы бойынша есептеулерді әзірлеп қойды, алайда осы күнге дейін «ретроспективті» инвестициялық субсидиялау бойынша шешім қабылданбай отыр.

«Сондықтан да қазірде ҰКП Үкімет алдына, инвестициялық субсидиялау құралын енгізгенге дейін АӨК саласындағы басымдылықты инвестициялық жобаларды жүзеге асырған кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін, дәл осы мәселелерді тартып отыр», - деп атап өтті АӨК Комитеті Хатшылығының басшысы.

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер