«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өндірушіні қолдайық!

2015 жылғы 11 Ақпан
3788 просмотров

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен үкіметтің экономикалық саясат мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырысы өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемнің қиын жағдайды басынан кешіп жатқанын атап өтті. Қазақстандық экономикада жеке дағдарыс жоқ деуге болады. Алайда әсерін тигізетін сыртқы факторлар баршылық.

«Бірінші кері фактор – мұнай бағасының екі еседен аса құлдырауы: маусым айында жүзден асса, қазір 50-ден төмен. Негізгі экспорттық тауарлар – металдар, тыңайтқыштар және басқаларының әлемдік бағасы төмендеуде. Екінші маңызды фактор – экономикалық дағдарыс, ресейлік рубльдің құнсыздануы, Ресейдегі рецессия. ЭЫДҰ елдеріндегі жұмыссыздар саны 43 миллион, 850 миллионнан астам адам аштықтан зардап шегуде. Еуроаймақтағы жұмыссыздық 11,5 пайыз. Бұл жалпы әлемдік ахуал, ал біз осы әлемнің бір бөлігіміз, және де бұл бізге әсерін тигізбей қоймайды. Міне, осыны сезініп жатырмыз», - деп баса айтты Елбасы.

Дей тұрғанмен, Қазақстанда ресурстар жеткілікті, деп баса айтты Нұрсұлтан Назарбаев. Шағынынан бастау қажет, яғни елімізде өндірілген тауарды сатып алу.

«Қазақстандықтар, отандық өндірушілерді қолдайық. Дүкен сөрелерінде біздің өнімдер баршылық», - деді Президент.

Президент жер-жерлерде «Қазақстанда жасалған» науқанын іске қосуды, сауда желілерінде қазақстандық тауарлар секциясының пайда болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Облыс әкімдері осыны қадағаласын. Барлық қазақстандықтарға айтарымыз: патриот болу керек және отандық тауарларды сатып алу  қажет», - деп шақырды Елбасы.

Президент сонымен қатар ағымдағы экономикалық ахуалды ескере отырып, бизнесті қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды.

«Бүгін үкіметке «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» бағдарламасын жаңа дағдарысқа қарсы шаралармен толықтыруды тапсырамын. Бұл отандық машина жасау, экспортшыларды қолдау, ШОБ үшін инфрақұрылым жүргізу, АӨК мемлекеттік қолдауды ұлғайту, ішкі нарықты қорғау жөніндегі шаралар және басқалары», - деп жеткізді тапсырмасын Қазақстан Президенті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер