«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңды түзетуді алға тартуда

2015 жылғы 11 Ақпан
3201 просмотров

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көптеген ұсыныстары ескерілгеніне қарамастан, бұл құжатта көрініс таппаған, бизнес үшін маңызды нормалар баршылық. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде бағадан сапаның артықшылығын орнату. Ұлттық палата депутаттардың өз бастамасын қолдауын сұрайды.

250 млн теңге және одан да көп сомада өткізілетін сатып алуларды өткізу кезінде, тапсырыс беруші бекіткен техникалық айрықшалауға жеткізуші өтінімінің сәйкестігін белгілеу сатысында, сондай-ақ бағаның шартты кемуін есептеу кезінде, байқау және сараптау комиссиялары тобына Ұлттық палата өкілдерін бақылаушы ретінде енгізу қажет. Сонымен бірге оларға өкілетті органның тексеріс жүргізуі үшін негіз болып табылатын ерекше пікір құқығын ұсыну қажет.

«Бұл сатып алу процедураларын жүргізу кезінде қатысушыларды заңсыз қабыл алмаумен байланысты жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін алғышарттарды жоюға және адал бәсеке үшін жағдайды қамтамасыз етуге көмектеседі», - деп атап өтті бүгін Мәжілісте жасаған баяндамасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

ҰКП өкілі депутаттар назарына ұсынған екінші мәселе – бұл сатып алуларды орташа мерзімдік жоспарлау қажеттігі. Бұл отандық өндірушілерге тапсырыс берушілер қажеттілігін анықтау және барабар жауап қату мүмкіндігін береді.

«Ұлттық палата орта мерзімдік жоспарлауды енгізуді орта мерзімдік кезеңге бекітілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша сатып алуға жоспарланған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тапсырыс берушілері – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алулар веб-порталында орналастыруы жолымен жүзеге асыруды ұсынды», - деді Юлия Якупбаева.

Тағы да бір маңызды норма – бағадан сапаның басымдылығын орнату. Мұны енгізу отандық өндірушілердің сапасыз өнімді жоғары бағамен ұсынатын шетелдік өндірушілермен бәсекелесуіне көмектеседі.

ҰКП заң жобасында сонымен қатар материалдар мен шикізаттың, отандық тауар өндірушілердің өнімі құнына әсер ететін өзге де шығындар қымбаттаған жағдайда, мемлекеттік сатып алулар туралы бұрындары жасалған шарттарда бағалардың индекстелу мүмкіндігін көздеуді ұсынады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева баяндамасының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер