Астанада ЕАЭО Кеден кодесінің жобасы талқылануда
Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ЕАЭО Кеден кодексі жобасының жаңа ережелерін талқылау жүріп жатыр. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жұмыс жасайтын кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызмет процесін реттейтін бірыңғай нормативтік акт. Күн тәртібінде – кеден баждары мен салықтарды алу, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды енгізу, көліктің Одақтың кедендік шекарасы арқылы өту мәселелері, сондай-ақ басқа да қазақстандық бизнесмендер үшін өзекті тақырыптар.
ЕАЭО Кеден кодексі жобасы кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен жасалды. Құжатта кедендік процедураларды жеңілдетуге және бизнес-қоғамдастық пен кеден органдары арасындағы сенімді көтеруге ерекше көңіл аударылған. Нормативтік акт көлемді болып отыр: 500 бап 900-ге жуық бетке жазылған. Жобада шамамен 30 халықаралық келісім көрініс тапқан, яғни барлық маңызды баптар бір жерге жинақталған, және де бұл бизнес үшін өте ыңғайлы, деп атап өтті ҰКП кедендік әкімшілеу департаментінің директоры Әлихан Мәмбеталин.
«Алайда, бір жағынан, мұндай үлкен құжатта құқық қолдану кезінде нормалар қайшылығы туындайды деген қауіп бар. Және де оларды түзету, өзгертулер енгізу аса қиынға соғады, себебі мұндай құжатты қабылдау процедурасы және түзетулер енгізу ұзаққа созылады және күрделі процесс. Ұлттық заңнама жайлы сөз болғанда, оған өзгерістер қазақстандық парламент арқылы енгізіледі, ал Кеден одағында барлық түзетулерді барлық қатысушы елдермен келісуге тура келеді. Осы жерден қауіптеніп отырмыз», - деп түсіндірді Әлихан Мәмбеталин.
ҰКП назар аударып отырған тағы бір өзгешелік – Кодекс жобасының «өте ауыр тілмен» жазылуы.
«Біз үнемі заңнаманы салыстырып отырамыз, халықаралық тәжірибені қараймыз. Мысал үшін ЕАЭО тәжірибесіне көз салдық, онда да кодификацияланған кеден кодексі бар. Онда баптардың сөйлемдері өте ықшам, қысқа, әрбір кәсіпкердің түсінуіне қолжетімді. ЕО бұл құжатты 27 тілге аудару қажет болады. Бізде де аудару мәселесі, құқық қолдану мәселесі туады. Осы жерден қауіп көріп тұрмыз», - деді кедендік әкімшілеу департаментінің директоры.
Жаңа Кодексті дайындаушылардың тынбай жұмыс жасағанына бір жыл болды. ЕАЭО-ға мүше әрбір ел өз мүддесін қорғай отырып, түзетулерді бастамалайды. Мысалы, Қазақстан шамамен 120 ұсыныс енгізген, алайда олардың барлығы бірдей құжаттан көрініс тапқан жоқ.
«Кәсіпкерлер кодекс жобасын даярлауға белсене атсалысты. Әрине, онда кәсіпкерлердің барлық тілектері бірдей ескеріле қойған жоқ. Себебі кез-келген жоба - бұл, ең алдымен, кәсіпкерлік қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың бақылау функцияларының арасындағы мүдде теңгерімі. Осы теңгерімді іздеу былтырғы жыл бойында комиссия алаңында өткен жұмыс мәнін құрды», - деді Кедендік ынтымақтастық алқасының мүшесі Владимир Гошин.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үмітін үзген жоқ. «Бүгінде мемлекетішілік келісу процедурасы жүруде. Онда қазақстандық бизнес біздің ұсыныстарымызды Қазақстан үкіметіне жеткізуге тырысады», - деп хабарлады Әлихан Мәмбеталин.
2014 жылғы 18 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімімен ЕАЭО КК жобасы мақұлданып, мемлекетішілік келісуді жүргізу үшін КО және БЭК мүше мемлекеттеріне жолданғанын естеріңізге сала кетейік.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: