«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық тауар өндірушілер дабыл қағуда

2015 жылғы 10 Ақпан
4026 просмотров

Ресейлік рубль бағамының түсуіне және импорттық өнімнің ұлғаюына орай олар өз өнімдерін өткізуде қиындыққа ұшырауда.

Осы түйткіл бойынша орын алған жағдайға алаңдаулы отандық кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына күн сайын жүгінуде. Жедел штаб жұмыс жасай бастаған сәттен бері ҰКП-ға ҚР кәсіпкерлерінен 13 өтініш келіп түскен, оның 4-і – телефон арқылы Байланыс-қызметіне.

Сонымен, қаңтар айының соңында ҰКП-ға жағармайларды сатумен айналысатын Батыс Қазақстан облысы «Бағашар Мекен» ЖШС жүгінеді. Олардың өтініші бойынша, өңірге сапасыз және зиян өнімдердің келуі байқалуда.

Ақпан айының алғашқы күндері кәсіпкерлерден бірнеше қоңырау келіп түсті. Атап айтқанда, шыны ыдыстар өндіретін «САФ» Шыны компаниясы» АҚ  нарықтағы қиын жағдай салдарынан қазақстандық сусын өндірушілердің РФ шыны ыдыстары жағына басымдылық беріп жүргені жайлы мәлімдеген.

«ААМЗ» Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ мұнай бағасының түсуі, ресейлік рубль бағамының түсуі салдарынан бюджет бекітілмеуі себебінен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ еншілес кәсіпорындарының тендер жүргізуді тоқтатқаны жайлы хабарлаған.

РФ рублінің девальвациясы сүт өндірумен айналысатын Алматыдағы «Raimbek Agro» ЖШС қызметіне де әсерін тигізген. ЖШС басшылығының айтуынша, бұл өңірде де арзан тауардың ағылуы байқалуда.  Темір жолға арналған бұрғыштарды өндірумен айналысатын «Проммашкомплект» ЖШС да осындай түйткілге тап болған.

ОҚО-да күркетауық етін қайта өңдеумен айналысатын «Ордабасы Құс» ЖШС да қиын жағдайды бастан кешуде. Компания ресейлік рубль девальвациясына орай РФ-ға экспортты қысқартуға мәжбүр болып отыр. Сонымен бірге қазақстандық нарыққа демпингтік бағалар бойынша ресейлік өндірушілердің құс еті үлкен көлемде келіп түсуде.

Қазақстанның Шошқа өсірушілер одағы да өндірілген өнімін өткізе алмай отырғаны жайлы мәлімдеуде.

МТБЭ және полипропилен өндіруші «Компания Нефтехим LTD» ЖШС да ресейлік өндірушілер тарапынан болып отырған жоғары бәсекелестік жайлы хабарлады.  

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы ақпаратына сүйенсек, ішкі нарықтағы түйткілдермен бірге, жергілікті кәсіпорындар өз өнімін Ресейге экспорттауда қиындық көруде. Өскемен арматура зауыты (иесі – ресейлік бизнесмендер, 600 жұмысшы) біраз уақыттан бері «Транснефть» АҚ жеткізушісі болып табылады. Қазірде бұл кәсіпорын зауыт өнімін сатып алуды тоқтатты да, бұл оның тоқтап қалуына әкелді. Осыған орай бизнесмендер РФ үкіметінің мемлекеттік корпорациялар мен компанияларға қазақстандық жеткізушілерден сатып алу көлемдерін төмендетпеуін тапсыруды сұрайды.

«Банктер теңгемен кредит беруден бас тартуда, доллармен алуды ұсынады», - деп шағымданды ҰКП-ға Жамбыл облысында сірке қышқылын құюмен айналысатын жеке кәсіпкер Әнуар Құрбанов.

«Алматы кәмпиттері» ЖШС директоры Алибаба Сүлейманов хабарлағандай, кәсіпорын ресейлік өндірушілермен бәсекелесе алмайтын болғандықтан, өндірісті 200-ден 50 тоннаға дейін, қызметкерлер санын 130-дан 30 адамға дейін қысқартуға тура келген.

Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан жеке кәсіпкер Ғани Дәулетовтың жылыжайы бар. Оның айтуынша, электр энергиясы тарифтерінің жоғарылауына орай тауардың да өзіндік құны көтеріледі, осылайша, ресейлік жеткізушілермен бәсекелестікке төтеп бере алмауда.

Батыс Қазақстан облысындағы «Свифт» ЖШС (кондитерлік компания) директоры Мейіргүл Әбдіғалиева «Сбербанк» АҚ ЕБ тарапынан түсініксіз себептермен үш ай бойы жаңартылмалы кредит желісі бойынша кредит сомаларын беру тоқтатылғанын жеткізді. «Біздің компания айналымдық қаражатта қиындық көруде», - деп түсіндірді БҚО кәсіпкері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер