Рұқсаттарды қысқарту бизнес жүктемесін төмендетеді
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қоғамдық мониторинг департаментінің директоры Ербол Өстеміров осындай хабарлама жасады.
ҰКП департаментінің басшысы айтқандай, жалпы кәсіпкерлік қызметті реттейтін рұқсаттар мен хабарламала туралы Заңмен 708 рұқсат ету құжаты көзделген - 314 лицензия және 394 екінші санатты рұқсаттар. Былтырғы жылы Елбасы барлық рұқсаттарды 50 пайызға қысқарту туралы тапсырма берген болатын.
«Сараптау тобы құрылып, үстіміздегі жылдың 2 желтоқсанынан бастап 31 қаңтарына дейін 16 отырыс өткізді және 378 рұқсат құжатын қысқарту бойынша ұсыныстар жасап шықты, соның ішінде 223 рұқсаттың күшін жою бойынша, 56 рұқсатты хабарламалық тәртіпке ауыстыру бойынша, заңнан 75 рұқсатты рұқсат ету белгілеріне сәйкес келмейтіндер ретінде алып тастау бойынша, және 24 рұқсатты өзін-өзі реттейтін ұйымдарға көшіру бойынша», - деп түсіндірді Ербол Өстеміров.
Бір айта кететіні, сараптау тобы сонымен бірге лотерея өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметті, сонымен қатар медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның күшін жоюды ұсынды.
«Енді медициналық орталықтар лицензия алуға міндетті емес. Сарапшылар ойынша, бұл лицензияларды кәсіби ретінде ресімдеу қажет. Яғни олар дәрігерлерге медициналық орталық емес, жеке тұлға ретінде берілетін болады, және де дәрігерлік қателікке жол берілген жағдайда мекеменің емес, дәрігердің өзінің қызметі тоқтатылатын болады», - деп түсінік беріп кетті ҰКП өкілі.
Хабарламалық тәртіпке ауысуға қатысты айтар болсақ, Ербол Өстеміровтың айтуынша, оның рұқсаттар мен хабарламалар туралы Заңнан ерекшелігі бұл процедураның жеке және заңды тұлғаларды қандай да бір қызметті жүзеге асыруды немесе қандай да бір әрекеті жасауды бастайтыны туралы мемлекеттік органға жай ғана хабарлауға міндеттейтіндігінде болып отыр.
«Біз бұл жағдайда астық және мақта қолхаттарын берумен қойма қызметін ұйымдастыру бойынша, сонымен қатар тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензияны хабарламалық тәртіпке ауыстырамыз. Қазір ҚР Парламенті Мәжілісінде өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы заң қаралуда. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар құрылатын болады және мемлекет рұқсат беру немесе лицензия беру бойынша функцияларын толығымен осы ұйымдарға біртіндеп беруді жоспарлап отыр», - деп түсіндірді Ербол Өстеміров.
Қоғамдық мониторинг департаментінің директоры сараптау тобының өзін-өзі реттеу ұйымдарына әзірше 24 рұқсатты, атап айтқанда, адвокат және аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны әзірше өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге ұсыныстар жасап шыққанын хабарлады.
«Сонымен бірге заңнан қандай да бір рұқсатты алып тастау немесе өзін-өзі реттейтін ұйымдарға ауыстырудың қандай да бір кәсіпорындарға талаптар қысқарады деген сөз емес екенін айта кету керек, - деп баса айтты Ербол Өстеміров. – Мемлекет, бір жағынан, кәсіпкерге лицензия және рұқсатсыз жұмыс жасау мүмкіндігін береді, алайда сонымен бірге қандай да бір қызметті жүзеге асыру бойынша барлық талаптар сақталатын болады, тіпті күшейтіледі деуге де болады».
Сонымен қатар, ҰКП департаментінің басшысы айтып кеткендей, сараптау тобы процедураның өзін оңтайландыруды, яғни қандай да бір қызметті ұсыну не көрсету мерзімін қысқартуды немесе ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқартуды ұсынды. Нәтижесінде 199 рұқсат бойынша ұсынылатын құжаттар тізбесін және көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша ұсыныстар жасалды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: