ҰКП қуатты талдау орталығы болу міндетін алға тартуда
Бастапқы кезеңінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі барлық жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыруға және бизнесмендерді шоғырландыруға жұмылдырылды. Қазірде ҰКП, бизнес түйткілдеріне жедел тәртіпте жауап қату үшін және бұл туралы барлық мемлекеттік органдарға ақпарат беру үшін, салмақты талдау орталығы әрі қуатты келіссөздер күшіне айналуға дайын. «Біз Үкіметпен бір қайықта келеміз», – дейді Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы Евгений Больгерт. «Мұндай дағдарысты кезеңдерде бізден басқа бір-бірін тыңдайтын кім бар? Алайда негізделген шешімдер қабылдау үшін есептеулер қажет. ҰКП қазірде осымен айналысуда, басты индикаторларды дайындауда. Болашақта бұл есептер дәлелдеме тұрғысынан келіссөздер жайғасымын нығайтуға және Бірыңғай Экономикалық Одақ кеңістігінде отандық бизнес мүддесінде әрекет етуге көмектеседі».
Пікір қалдыру:
Пікірлер: