«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанбайды

2015 жылғы 06 Ақпан
3759 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторингтің бірінші кезеңін аяқтады. Мониторинг барысында 22 421 кәсіпкерден сауалнама алынды. Жаппай сауалнама қорытындысы көрсетіп отырғандай, жалпы елімізде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанбайтын кәсіпкерлер саны респонденттердің жалпы санынан 16,6% құрайды.

Кәсіпкерлік субъекілері көбінесе мынадай мемлекеттік қызметтер сапасына қанағаттанбайды:

  1. жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту (сұралғандардың жалпы санынан 38,1%).
  2. парниктік газдар шығарындыларына сертификаттар беру және қайта рәсімдеу (37%),
  3. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында гранттар беру (29%),
  4. құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензиялар дубликатын беру (25,6%).

Мониторингпен қамтылған 40 мемлекеттік қызметтің 19 түрін жергілікті атқару органдары көрсетеді, 21 – орталық мемлекеттік органдар, ұйымдар, олардың аумақтық бөлімшелері.  

Жергілікті атқару органдары көрсететін қызмет сапасына қанағаттанбаудың ең жоғары деңгейін Маңғыстау (55,3%), Алматы (50,2%) және Қызылорда (32,5%) облыстарының кәсіпкерлері көрсетіп отыр, ал қызмет сапасына біршама қанағаттанушылар – Ақтөбе (94,5% қанағаттанады), Қарағанды (92,9%) және Қостанай  (91,9%) облыстарының кәсіпкерлері.

Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтерге қатысты алғанда, қанағаттанбаудың ең жоғары деңгейін Астана қаласы (24,3%), Маңғыстау (58,6%) және Алматы (27,5%) облыстары кәсіпкерлері айтып отыр, біршама жоғары қанағаттанғандар – Алматы қаласы (93,5% қанағаттанған), Ақтөбе (98,8%) және Қостанай (93,6%) облыстарының кәсіпкерлік субъектілері.

Мониторинг қайтадан өткізіліп отырған 15 мемлекеттік қызметке қатысты алғанда, талдау көрсетіп отырғандай, бір ғана мемлекеттік қызмет – «жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметі бойынша ғана кәсіпкерлердің қанағаттанбауы орын алып отыр (сұралғандардың жалпы санынан 23,7%-дан 38,1%-ға дейін).

Қалған 14 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет сапасына қанағаттанған кәсіпкерлер саны артқан, алайда, жекелеген өңірлер бойынша кәсіпкерлердің қанағаттану деңгейі төмендеген.

Мысалы, «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы нормативтік-құқықтық актілер және гигиеналық нормативтерге сәйкестік (сәйкессіздік) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметі бойынша қанағаттанбағандардың жалпы деңгейі сұралғандардың жалпы санынан 24,35%-дан 13,8%-ға дейін төмендеген, сонымен бірге Маңғыстау облысында 6%-жан 95%-ға дейін өскен

Кәсіпкерлердің Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанбау деңгейін жеке атап өту қажет. Қанағаттанбау деңгейі сұралған кәсіпкерлердің жалпы санынан 18,2% құрап отыр.

Кәсіпкерлер ХҚКО арқылы көрсетілетін мынадай мемлекеттік қызметтер сапасына наразы:

1. жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (сұралғандардың жалпы санынан 69,5% ғана қанағаттанады),

2. лицензия беру, қайта ресімдеу, жобалық қызметке лицензия дубликатын беру (59,1%),

3. II, III және IV санатты нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру (38,8%).

Сонымен бірге, көбінесе кәсіпкерлер наразылығын тудыратын Астана қаласы (сұралғандардың жалпы санынан 78,8 % қанағаттанады), Маңғыстау (47,4) және Алматы (63,2) облыстары ХҚКО жұмысы болып отыр.

29.01.2015 жылғы қоғамдық мониторинг 1 кезеңі қорытындысы бойынша хаттар мен материалдар Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі атына жолданды.

Қоғамдық мониторингтің екі кезеңі қорытындысы бойынша жалпы талдамалық материал үстіміздегі жылдың ақпан айының соңында даярланып, Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі атына жолданбақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер