Қазақстанда реттеушілік әсерді талдау жөніндегі институт құрылды
Өткен жылдың желтоқсан айында қабылданған кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерде осы институтты енгізу көзделген.
РӘТ – бұл енгізілетін реттеушілік құралдан болатын пайда мен шығынды салыстырудың талдамалық процедурасы (рұқсаттар мен хабарламалар, бақылаушы функция беру, ақпараттық құралдар), ол жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты және оларға байланысты талаптарды, кейін мемелкеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін қолданыстағы реттеу құралдарына қатысты реттеуді күшейтуді көздейді.
РӘТ белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін немесе анық белгіленген түйткілдерді шешу үшін реттеудің баламалы ұстанымдарын бағалау арқылы нақты реттеу құралдарын пайдалану жағынан мемлекеттік саясаттың тиімділігін көтеру мақсатында барлық мемлекеттік органдармен жүргізілетін болады.
Ұлттық экономика министрлігі енгізілетін және қолданыстағы рұқсат немесе хабарлау тәртіптерінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және қолдану тәртібі әдістемесін дайындады.
Сонымен қатар, 2015 жылғы 30 қаңтарда ҰКП-да Қазақстанда РӘТ енгізу бойынша техникалық қолдау көрсететін Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен жиналыс өтті. Сонымен, Дүниежүзілік Банк бірінші жарты жылдық бойында РӘТ жүргізу үшін көмекші құрал дайындауды, мүдделі тұлғалар үшін әрқайсысы 5 күннен екі тренинг өткізуді, екі пилот үшін РӘТ жүргізу кезінде қолдау көсетуді (жаңа және қолданыстағы реттеу құралдарына), конференциялар өткізуді жоспарлап отыр.
ҰКП РӘТ жүргізу бойынша ұстанымдар қалыптастыруға белсенді атсалысады. ҰКП баламалы РӘТ жүргізуге және оны кейін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия қарауына шығаруға құқылы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: