ҰКП және Ұлттық экономика министрлігі 378 рұқсат беру құжатын қысқартуды ұсынуда
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық экономика министрлігі өткізіп жатқан рұқсат беру құжаттарын (процедураларын) қысқарту жөніндегі жұмысқа белсене атсалысуда.
Жалпы, 2014 жылғы 2 желтоқсаннан бастап, 2015 жылғы 31 қаңтар арасындағы кезеңде рұқсат беру құжаттарын хаттау бойынша құрамына ҰКП өкілдері кіретін Сараптау тобының 16 отырысы өткізілген.
Сараптау тобының отырыстарында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңмен белгіленген 708 рұқсат қаралған.
Отырыс барысында Сараптау тобы 378 рұқсат ету құжатын қысқарту бойынша ұсыныс дайындаған, соның ішінде:
- 223 рұқсат етудің күшін жою;
- 56 рұқсатты хабарлау тәртібіне көшіру;
- рұқсат ету белгілеріне сәйкес келмейтін ретінде немесе бір процедураға бірігуін ескере отырып «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңнан 75 рұқсатты алып тастау;
- 24 рұқсатты өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бойынша.
Сонымен қатар, Сараптау тобы рұқсат ету құжаттарын беру процедураларын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіп, осы жұмыс нәтижесінде 199 рұқсат бойынша мерзімдерді қысқарту және ұсынылатын құжаттар тізбесі бойынша нұсқаулықтар дайындады.
Қазірде барлық аталмыш нұсқаулықтар бойынша Сараптау тобы уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми ұстанымдарын алды. Осыған орай бұл жұмыстың алдын ала нәтижелері болып табылады.
Сонымен бірге 2015 жылғы 29 қаңтарда өткен Ведомствоаралық комиссияның кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі отырысында Сараптау тобының уәкілетті мемелкеттік органдармен келісілген 15 рұқсаттың күшін жою және 3 рұқсатты алып тастау бойынша ұсынысы мақұлданды.
Мемлекеттік органдардың қалған рұқсат етулер бойынша ресми ұстанымдарын алған соң Сараптау тобының жұмыс қорытындылары ВАК кезекті отырысына шығарылатын болады.
Заң жобасы ВАК-та ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша дайындалады.
Рұқсат құжаттарын қысқарту немесе оларды ұсыну процедураларын оңтайландыру бойынша өз ұсыныстарыңызды Қоғамдық мониторинг департаменті атына жолдай аласыздар (жауапты орындаушылар Жомарт Махмұт, z.makhmut@palata.kz, Руслан Байдүйсенов r.baiduisenov@palata.kz, 8-7172-919 349).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: