«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дағдарысты жағдайға жол бермеу мақсатында Ұлттық палата ірі тамақ кәсіпорындарын жедел қадағалауға алды

2015 жылғы 05 Ақпан
3903 просмотров

ҚР ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитетінің Хатшысы Ербол Есенеев дағдарыс жағдайында қабылданып жатқан Ұлттық палата әрекеті жайлы хабарлай келіп, осылай мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҰКП жанынан экономикадағы дағдарыс құбылыстарына жедел жауап қату бойынша Дағдарысқа қарсы штаб құрылған. Осылайша, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазірде бизнеске практикалық жәрдем көрсету үшін, тәулік бойғы жұмыс тәртібіне ауысты деуге де болады.

«Біз тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарын жедел қадағалауға алдық. Тұрақты түрде, онлайн тәртіпте Үкіметпен және мемлекеттік органдармен олар ұсынған шараларды есептеп отырамыз. Егер бұрындары жекелеген мәселелер бойынша даулар мен келіспеушіліктер жиі туындап жататын болса, қазір біз бір топ ретінде, мемлекеттік органдармен бірге орын алған жағдайдан шығар жол іздестірудеміз. Бұл дағдарысты жеңіп шығып, одан бекініп, қуаттанып шығатынымзға сенімдіміз, - деп мәлімдеді ҚР ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы.

Ербол Есенеев сонымен қатар ҚР аумағына сапасыз өнім әкелуді шектеу мақсатында ТҚҚК-мен бірге әкелінетін өнімге бақылауды күшейту бойынша шаралар пысықталып жатқанын жеткізді. «Тамақ өнімдері мемлекеттік сатып алуларында қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Отандық тамақ өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдау механизмдері қайта қаралуда», - деп хабарлады ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер