«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорданы азық-түлікпен қамту

2014 жылғы 15 Ақпан
9078 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сауда комитеті хатшылығы өткізген отырыста елорданың азық-түлік қауіпсізідігінің қамтамасыз етілуі мен азық-түлік өнімдерінің жеткізілу көлемін арттыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара облыстың өңдеуші кәсіпорындарының фермерлері, Астана қ. әкімдігінің өкілдерінің, ауыл шаруашылық  басқармалары мен даму институттарының басшыларының қатысуымен өтті.

Елдорданың ірі сауда кәсіпорындарының бірі «Биг Шанхай» ЖШС басшысы Таукен Қайырлы фермерлерге жеңілдіктер қарастырыла отырып сауда орындарын (бір орын 10 мың теңге), сондай-ақ бутиктерді жалға беру туралы ұсыныс жасады.

Сауда комитеті хатшылығының елорданың және еліміздің басқа өңірлеріндегі сауда базарларында ауыл шаруашылық өнімдерінің қолжетімділігі бойынша ұсынысы кеңеске қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Отандық тауар өндірушілермен осындай кездесулер өткізу өте маңызды екендігі аталып өтті, өйткені осындай кездесулер барысында халықты  Қазақстанда жасалған өніммен, балғын әрі өңделген түрде, қолжетімді бағада, «алқап –дүкен» принципі бойынша делдарларсыз  қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Бұл жағдайлар өңдеу есебінен дайын өнімдер (жемістер мен көкөністер) ассортиментін кеңейтіп, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің өндіріс табысын арттырады әрі ынталандырады, сондай-ақ кеңейтілген өндіріске қажетті ұйымдастыру-экономикалық жағдайларды қалыптастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер