«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі ынтымақтастық жайлы келісімге келді

2015 жылғы 03 Ақпан
3354 просмотров

Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Екі ірі құрылымның Келісімге қол қоюы – былтырғы жылы жасалған өзара түсіністік және өзара әрекеттестік жайлы Меморандум аясында әрекет етіп келе жатқан ынтымақтастықтың қисынды жалғасы. Мысалы, индустрияландырудың екінші бес жылдығы бағдарламасын (2014-2019 жылдарға арналған ИИДМБ) дайындау, инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша және жақында ғана Үкімет отырысында мақұлданған 2015 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау бойынша Іс-шаралар жоспарын, оны жүзеге асыру бойынша даярлық іс-шаралары.

Бұл келісім белгілі бір орындау мерзімі, аяқтау формасы және жауапты атқарушылары бар іс-қимыл Жоспарына ие, және де бұл ҰКП-ның Министрлікпен өзара әрекеттестік бағыттарына нақтылық пен кесімділік сипатын береді.

Ұлттық палата тауар номенклатурасының басым түрлері тізімін, әрекеттегі және келешегі бар инвестициялық жобалар тізімін толықтыру, әрекеттің басым түрлерін толықтыру және инвестициялық артықшылықтар алу бойынша механизмдерді оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жүктеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар ұсынды.

«Биылғы жылы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын және индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталып кетті. Осы екі маңызды бағдарламаны бастау оңай уақытта орын алып отырған жоқ. Сондықтан да күшімізді шоғырландырған жағдайда жағымды әсер ғана күтеміз. Барлық басты бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жүргізілетін болады. Елбасының алдымызға қойған басты міндеті кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтап қалу және экономикаға жеке меншік инвестициялар тарту бойынша жұмысты белсендіру. Ал біздің бүгінгі келісім осыған бағытталып отыр», – деп баса айтты инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Келісім аясында мыналарға жәрдем жасау жоспарланып отыр: Елбасы мен ҚР Үкіметі тапсырмасын тиімді жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар тартуға, технология трансферіне және әрекеттегі кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің артуына, мемлекет және бизнес үшін тиімді де өзара пайдалы сатып алулардағы жергілікті мазмұн көлемінің бұдан әрі көбеюіне, сонымен қатар жер қойнауларын пайдаланушылардың, арнайы экономикалық аймақтарды тиімді басқаруға және дамытуға», - деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Келісімде сонымен қатар ҰКП өкілдерінің басқару органдары мен кіші ведомстволық дамыту институттарының бақылау кеңестері құрамына қатысуы көзделген.

Сонымен қатар, ҰКП туралы Заң нормасын жүзеге асыру аясында ҰКП белгілеуімен бейқаржылық қолдау шараларының бірыңғай операторы қазірде дайындалып жатқан Кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыруда, онда сыртқы және ішкі нарықтарға отандық тауарларды өркендету бойынша шараларды жасау, жергілікті мазмұнды дамыту және экспортты қолдау Ұлттық палатаға беріледі.

Осыған орай, келісімде Министрліктің өз қарауындағы ұйымға, соның ішінде «NADLoC» Ұлттық жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі агенттік» АҚ және «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттік» АҚ қатысу үлесін ҰКП-ға сенімгерлікпен басқаруға беруге жәрдем көрсетуі көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер