ЕАЭО аясындағы автомобиль тасымалдауларының ерекшеліктері
2013 жылы БЭК мүше-мемлекеттердің жүк айналымы шақырымына 400 млрд. теңгеден асып кетті және 2005 жылмен салыстырғанда 40%-ға өсті. Автомобиль көлігімен тасымалдау жүк айналымының ұлғаю тенденциясы ЕАЭО барлық мүше мемлекеттерге тән.
БЭК мүше мемлекеттер бойынша жалпы тасымалдаулар көлеміндегі автомобиль көлігінің үлесі 2013 жылы 82,8% құраған, алайда БЭК мүше мемлекеттер бойынша айырмашылықтар бар: Белорусь Республикасындағы автомобиль көлігі ең төмен үлесті алады (55,2%) және өсу тенденциясына ие. Ресей мен Қазақстанда автомобиль тасымалдауларының үлесі сәйкесінше 80,2% және 91% құрайды.
ХАКО зерттеуіне сәйкес, 2005-2013 жылдар кезеңінде Қазақстандағы автомобиль көлігі жүк айналымының 3 еседен артық өсуі байқалады, Беларусь Республикасында – 2 еседен артық, Ресейде - 1,28 есе.
2013 жылы БЭК-те жалпы автомобиль көлігімен 8,7 млрд тонна жүк тасымалданған, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,5% артық және 2005 жылмен салыстырғанда 5,7% артық. Тасымалдаулар көлемінің өсуі Қазақстанда байқалады, алайда 2013 жылы Беларусь пен Ресейде жүк тасымалдаулары көлемінің қысқаруы белгіленген.
Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт ережесіне сәйкес (№24 Қосымша ІІ тармағының 4-5 тармақшалары Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттама) Одаққа мүше бір мемлекет аумағында тіркелген тасымалдаушылар орындайтын халықаралық автомобильмен жүк тасымалдаулар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады:
1) тасымалдаушылар тіркелген мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;
2) басқа мүше мемлекеттер аумағы арқылы транзитпен;
3) басқа мүше мемлекеттер арасында.
Одаққа мүше мемлекеттер арасында және үшінші елге/елден тасымалдауларға, екі жақты, транзиттік тасымалға рұқсат талап етілмейді (қазақстандық тасымалдаушы орындайтын Мәскеу-Минск бағыты). Осылайша, бұл норманы енгізу Одаққа мүше мемлекеттердегі автокөлік компанияларының тауарларды еркін алып жүруіне және КО мен БЭК аумағында автокөлік қызметтерін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Қазірде ЕАЭО мүше мемлекеттері Одаққа мүше бір мемлекет аумағында тіркелген тасымалдаушының басқа мүше мемлекет аумағында орналасқан бекеттер арасында жүкті автомобильмен тасымалдауды орындауын кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын (Одақ аясында «каботаждық» тасымалдауларды кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасы) дайындау үстінде екенін атап өту керек.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы 2025 жылы каботаждық тасымалдауларды жүзеге асыру үшін өз нарығын ашпақшы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: