«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП мемлекеттік сыңайлы сектор нысандарының бір бөлігін Қазақстан қор биржасы алаңы арқылы орналастыруды ұсынады

2015 жылғы 02 Ақпан
3774 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева «Халықтық ІРО» бағдарламасына кірмейтін жекешелендіру нысандарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелде» осындай ұсыныс жасады.

Қатысушылар мемлекеттік сыңайлы сектордың бір бөлігін Қазақстандық қор биржасы алаңы арқылы орналастыру мүмкіндігі мен келешегін талқыға салды. Талқылау барысында мынадай өзекті мәселелер көтерілді:

сатылу алды даярлығы қор биржасы арқылы компанияларды жекешелендірудің басымдылықтары мен кемшіліктері, талаптары мен нақты механизмдері;
«Халықтық ІРО» бағдарламасының аясында нысандарды жүзеге асыру түйткілдері;
нарықта белсене әрекет жасайтын бөлшек инвесторлар тобын қалыптастыру;
инвесторларды қаржы нарығына тарту үшін PR-науқандарды дәріптеу бойынша жүйелік шаралар қажеттілігі;

компанияның корпоративтік басқарудың қор нарығына шығу үшін қажет деңгейге сәйкестілігі.

«ҰКП мемлекеттік сыңайлы сектор топтамасының бір бөлігін орналастыру көмегімен қор нарығын белсендіру мүмкіндігін қарауды сұрап Үкіметке де, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға да жүгінді. Біз брокерлік компаниялармен және Қазақстандық қор биржасымен бірге, брокерлер ойынша, нарық қызығушылығын тудыруы мүмкін 161 компаниядан тұратын тізбе жасадық», - деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Елена Бахмутова баса айтып кеткендей, жекешелендірудің мақсаты – нысандарды жеке меншік нарыққа шығару және теңгерімдік құннан төмен болмайтын қайтарым алу.

«Бұл нақты нәтижелермен болатын нақты процесс, және де ол өзара тиімді болуға тиіс. Уәкілетті органдар тарапынан рұқсат беру құжататрын алуды, сондай-ақ стратегиялық инвестор үшін бірқатар шектеулер мен талаптардың сақталуын ұсынатын стратегиялық мақсаттағы нысандар бар. Компаниялардың көпшілігі 2015 жылы дәл осындай сипатта болып отыр. Сондықтан да, егер қор нарығы алаңын пайдалану мүмкіндігін қарастырар болсақ, нарық орналастыру үшін ғана емес, бұдан арғы қағаз айналымы үшін де құрылғандықтан, онда бұл дүниелерді стратегиялық инвесторларға ерекше талаптар қою және кейін алаңның қалайша қолданылатындығы тұрғысынан түсіну қажет. Бұған компания мен оның акционерлері мүдделі болуға тиіс. Бұл мәнмәтінде біз мәселені өзара тиімді талаптарда қарауға дайынбыз», - деген түсінік беріп кетті Елена Бахмутова.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Эдуард Утепов дөңгелек үстелге қатысушылар назарын жекешелендірудің екінші толқынына енгізілген республикалық меншік нысандарының көпшілігінің әлеуметтік бағыттылығына аударды, бұл белгілі бір шарттарды ұстану қажеттігін, соның ішінде бейіндік қызметті белгілі бір мерзім ішінде сақтауды шарттайды. Сонымен қатар, көптеген компаниялар ЖШС формасын алған, және де оларды биржаға шығару үшін, мұндай компанияларды акционерлеу қажет.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ Вице-президенті Андрей Цалюк «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Қаржы министрлігі хабарлаған талаптарды ауыр деп отыр, дегенмен оның ойынша, «қор нарығы дамуының ауыр міндеті қойылып отыр, және де көптеген ықтимал нұсқаларды табуға болады. Биржалық алаңды, стратегиялық инвестор үшін бағаны дұрыс белгілеу үшін, бәсекелес ортаны құру үшін қолдануға болады. Сонымен бірге, егер дамыған қор нарығы қажет болып отырса, брокерлер үшін қызығушылық тудыратын компаниялардың бір бөлігін ІРО механизмдері арқылы бөлшек алаңға шығару қажет. Нарыққа кез-келген түрде шығару өтімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді, және де бұл жерде еңбектену қажет. Мәселе «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Үкімет және нарық қатысушыларының қаншалықты мүдделі екендігінде. Мұнда брокерлер белгілі бір сызбалар ұсынуы мүмкін».

ЕҚДБ өкілі Агрис Преиманис корпоративтік басқару жағынан белгілі бір өлшемдерді белгілеп берді. Қаржы нарығына шыққанда компания осыларға сәйкес келуге тиіс. Ол сонымен қатар компанияның жекешелендірудің кез-келген түріне сатылу алдындағы даярлық қажеттігін, және де осы процеске брокерлерді тартуға болатынын атап өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша брокерлер қызығушылығын тудыратын компаниялар тізімін біршама нақты, пилоттық компанияларды даярлау және оларды нарыққа шығару тұрғысынан қайта қарауға шешім қабылданды. Елена Бахмутова «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша пилоттық жобаны пысықтауды ұсынды. Сонымен қатар, брокерлік компаниялар ҰКП және ҚҚҚ-мен бірге брокерлердің компанияларды сатылу алды даярлауы бойынша нақты ұсыныстар дайындады. Сонымен қатар ҚР ҰКП өкілдері мен брокерлік компаниялар 2015 жылғы ақпан айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бастамалап отырған инвесторлық қоғамдастықпен кездесуге қатысуға шақырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер