Қазақстанның құс өсіруші шаруашылықтары 2015 жылы жемшөп астығымен қамтамасыз етіледі
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, жергілікті атқарушы органдар және «Қазақстанның Құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ арасында құс өсіруші шаруашылықтарды астықпен қамтамасыз ету жөніндегі үш жақты Меморандумға қол қойылды. Ал бүгін құс фабрикалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігімен келісілген Астықты бөлу және сатып алу кестесіне сәйкес жемшөп астығын өткізу бойынша шарттар жасасуға кірісті.
Құс өсірушілерді тиянақталған баға бойынша арзандатылған жемшөп астығымен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдар 2014 жылғы мамыр айының басында жасалған болатын. ҚР Үкіметінде Құс өсірушілер одағы, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасы бойынша құс өсіру шаруашылықтарын қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ коммерциялық ресурстарынан 100 мың тонна көлемінде жеңілдікті астық бөлу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысы өтті.
Нарықтық құны 42 000 теңге тұратын жемшөп астығы 30 000 теңгеден берілді, яғни жалпы 12 000 теңге көлеміндегі құнын субсидиялаумен (арзандатумен) шамамен 100 000 тонна жемшөп астығы өткізілді.
Берілген көлемді, жемшөп қажеттілігі және субсидиялау мәселелері жайлы ақпараттың нақтылығын анықтау жөніндегі Жұмыс комиссиясында қорғалған 2014 жылға арналған жемшөп қажеттілігі бойынша ақпаратқа сәйкес, Құс өсірушілер одағы Басқармасының мүшелері бөлді.
Меморандумдарға сәйкес, құс фабрикалары кестеге қарамастан бір уақытта барлық көлемді сатып ала алады. Сонымен бірге құс фабрикалары әкімдіктің астықты нысаналы пайдалануы туралы есеп ұсыну міндетінен босатылмайды.
Құс фабрикалары Құс өсірушілер одағы астығынан бас тартқан жағдайда астықты Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі келісімімен басқа да мұқтаж құс фабрикаларына қайта бөле алады және Азық-түлік корпорациясына қайта бөлгені жайлы хабарлайды.
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ меморандумдарға қол қойғаннан кейін өңірлік бөлімшелерге астық жіберуге жүктелім жолдап, онда «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ облыстық өкілдіктері және Құс өсірушілер одағы құрамына кіретін субъектілер арасында келісімдер жасалатын болады.
Нақты көлемдері көрсетілген құс өсіру шаруашылықтарының тізбесі құрылып та қойған.
Үстіміздегі жылы нарықтық құны 42 000 теңге жемшөп астығы 37 500 теңгеден берілетін болады, яғни жалпы 4 500 теңге мөлшеріндегі құнын субсидиялаумен (арзандатумен) жемшөп астығының шамамен 215 000 тоннасы өткізілетін болады.
Жеткізу талаптары – құс өсірушілер шешуімен элеваторлардан өзі тасымалдау.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: