ҚР ҰКП Кедендік әкімшілеу саласындағы заңнамалық бастамаларына шолу
«Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V ЗРК Заңымен «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Сәйкес өзгертулердің құқықтық негіздері:
- Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы» (ЖҰЖ 7 тармағы).
- ДКедҰ сауда қауіпсіздігі және сауданы жеңілдету шекті стандарты.
- Кеден процедураларын жеңілдету және үйлестіру туралы Киото конвенциясы стандарты.
- 2013 ж. ДСҰ сауданы жеңілдету жөніндегі келісімі (Бали).
Ұлттық палатаның сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін кедендік әкімшілеуді жеңілдету жағынан негізгі заңнамалық бастамалары:
- Сыртқы экономикалық қызмет қатысушысының қатесін өз еркімен мойындау қағидатын енгізу;
- «Doing Business» халықаралық рейтингінде «Халықаралық сауда» көрсеткішін жақсарту аясында тауарларды импорттау және экспорттау кезінде талап етілетін құжаттар санын қысқарту;
- «Көлік-логистикалық орталық» ұғымын заңнамалық тұрғыдан бекіту және КЛО стандартын дайындауға МИР құзыретін орнату;
- Кедендік бақылау назарын кедендік тазарту сатысынан тауарларды шығарғаннан кейінгі сатыға ауыстыру қағидатын енгізу;
- Кеден одағына мүше мемлекеттердің реттелмеген халықаралық шарттары жағынан жеке пайдалануға әкелінетін тауарлар бойынша өлшемдер орнату жөніндегі нормаларды бекіту.
Бұл бастамалар Дүниежүзілік банктің «Doing Business» халықаралық сауда бойынша рейтингін жақсартуға, сонымен қатар республикадағы бизнес-климатты жақсартуға мүмкіндік береді.
Кедендік әкімшілік ету саласындағы заңнамалық бастамаларды шолумен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: