Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс жоспары бекітілді
ҚР ҰКП-да Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оған ҰКП Басқарма Төрағасы Нұржан Әлтаев, ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің басшысы Талғат Доскенов, бизнес-қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлікті дамыту институттары және басқаларының өкілдері қатысты.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік – Қазақстандағы жаңа құбылыс. Посткеңестік елдер әлеуметтік мәселелерді бюджеттен тікелей қаражат бөлумен шешуге үйреніп алған, алайда, өкінішке орай, үнемі тиісті әсер бола бермейді. Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, әлеуметтік түйткілдерді басқаша шешуге болады. Осы мәселелерді бастамалап, көтеріп жүргендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Мәселелерді шешуге жаңа тұрғыдан келуге бастау берерімізге сенемін», – деді алғы сөзінде Нұржан Әлтаев.
Талғат Доскенов бүгінгі таңда кәсіпкерліктің бұл секторының Қазақстанда жеткілікті дамымағанын атап өтті. «Іс жүзінде әлеуметтік мәселелер күн тәртібінде, және де олар мемлекет, қоғам және әлеуметтік кәсіпкерлер қозғалысынан шешім мен түсіністікті талап етеді. «Әлеуметтік кәсіпкерлік», «әлеуметтік кәсіпкер» ұғымдары заңнамалық тұрғыдан бекітілмеген, сондай-ақ бизнесмендердің бұл санатына мемлекеттік қолдау шаралары жасалмайды», – деп түсіндіріп кетті ол.
Отырыста әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Атап айтқанда, осы құжаттың аясында «Әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған дайын 100 идея» жинағын құрастырып, оған жобалар тұжырымдамаларын, олардың қаржылық жағын және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты енгізу жоспарланып отыр. Ұлттық палата жұмыс тобымен бірге әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын талқыға салды, талдау жүргізіп, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дәріптеу үшін нақты жобаларды әзірлеп шықты.
2015 жылғы 27 ақпанда Астанада «Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің даму келешегі» тақырыбында республикалық конференция өтізіліп, оған ТМД және алыс шет елдер сарапшылары қатыспақшы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: