ЕАЭО Электр энергиясының ортақ нарығы тұжырымдамасы жөндеуді талап етеді
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың күшіне енгені белгілі. ЕАЭО туралы Шарттың 81 бабына сәйкес мүше мемлекеттер қатарлас жұмыс жасайтын электр энергетикалық жүйелер негізінде Одақтың ортақ электр-энергетикалық нарығын (ОЭН) кезең-кезеңмен қалыптастыруды жүзеге асырады.
Тараптар ЕАЭО аясында бекітілген Тұжырымдама және ОЭН Бағдарламасы негізінде 2018 жылы электр энергиясының ортақ нарығын құру туралы халықаралық Шарт жасасуға келісті.
Актілер мен халықаралық шарттар жасаудың Жұмыс жоспарына сәйкес ЕАЭО аясында 2015 жылғы 30 маусымға дейін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес бекітетін ОЭН Тұжырымдамасын дайындау жалғасуда.
Бүгінде Тараптардың бірнеше негізгі жайғасымдар бойынша реттелмеген мәселелері бар:
1) ЕАЭО бір мүше мемлекет электр энергетикасы субъектілерінің электр қуаттылығы нарығы қызмет ететін басқа ОЭН нарығында әрекеттесу механизмі;
2) ҚР мен БР-ден РФ арқылы электр энергиясы транзитінің (беру) тәртібі, сонымен қатар БР және ҚР арқылы транзитті қосы алғанда, ЕАЭО-ға кірмейтін елдерге;
3) ЕАЭО мүше мемлекеттің бір энергия жүйесінен келесі энергия жүйесіне электр энергиясын жеткізуге баға түзілудің анық механизмінің болмауы;
4) нарық сараланымы мен оның жұмыс механизмін көрсетумен ОЭН мақсаттық үлгісін сипаттау.
Сонымен қатар, Белорустық тарап 2025 жылы газ, мұнай және мұнай өнімдері ортақ нарығын құрған соң ОЭН толық көлемдегі жұмысын бастауды ұсынуда.
Аталмыш мәселені негізге ала отырсақ, Тұжырымдама жобасы қазіргі сәтте жөндеуді талап етеді.
Осыған орай Палата ҚР бизнесінің ЕАЭО Ортақ электр энергиясы нарығы тұжырымдамасының жобасын қайта қарауын және қызығушылық туындаған жағдайда ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына электронды мекен-жайға ұсыныстарын және/немесе ескертулерін жолдауын сұрайды: e.batyrkhanov@palata.kz.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: