Қазақстандық тараптың бастамасымен әкелінетін кеден бажының мөлшерлемесі төмендетілді
2014 жылғы қаңтар айында Қазақстандық тарап түйіршіктелген қара полиэтиленге қатысты әкелінетін кеден бажы мөлшерлемесін төмендету туралы мәселені бастамалаған болатын. Бұл мәселе еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бірнеше мәрте талқыланып, оған Ұлттық палата белсене қатысқан еді.
Бұл тауарды негізгі пайдаланушылар:
- шоғырсым өнімдерін өндіруші зауыттар;
- құбыр өнімдерін өндіруші зауыттар («Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы Атырау Полиэтилен құбырлары зауыты, «ТИАТР» ҰАҚ» ЖШС, «Plast Invest Production» ЖШС, «Спира-Берга» ЖШС, «Арыстан» СТЗ» ЖШС, «Ақтөбстройхиммонтаж» ЖШС, «Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС, «Қарағанды су» ЖШС, «Карал Plast» БК ЖШС).
Сонымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен мәселені бірлесе пысықтау қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қара түсті түйіршіктелген полиэтиленге қатысты әкелінетін кеден бажы мөлшерлемесін төмендету туралы «Полиэтиленнің жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы» №132 Шешімін қабылдады (КО СЭҚ ТН коды 3901 20 900 9).
Осылайша, Қазақстан Республикасы аумағына жалпы көлемі 100 мың тонна мөлшерінде бұл тауарды әкелу 2015 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде 0% әкелінетін кеден бажы мөлшерлемесі бойынша жүзеге асырылмақшы.
Бұрындары аталмыш тауар оның кедендік құнынан 9.1% мөлшеріндегі мөлшерлемеде әрекет еткенін естеріңізге сала кетейік.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Шешімімен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: