Қорғаныс министрлігі және ҚР ҰКП Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
2015 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге сәйкес ынтымақтастықтың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қажеттіліктері үшін сатып алуларда мемлекет пен бизнес үшін жергілікті мазмұн көлемін арттыруға мұнан әрі тиімді және өзара пайдалы жәрдем көрсету;
2) сатып алулар процесінің жариялығы және ашықтығы, әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік, отандық тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірушілерді қолдау қағидаларының тәжірибеде жүзеге асуына жәрдем;
3) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге және сатып алулардағы жергілікті сатып алу үлесіне бағаның сенімді мониторингін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
4) мемлекеттік қорғаныс тапсырысының қалыптасу механизмін жақсартуға жәрдемдесу.
Келісім Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қажеттіліктері үшін мемлекеттік сатып алулар саласындағы қолданыстағы заңнаманы жақсарту шараларын қолдануды көздейді.
Сонымен бірге, Келісімге сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультативтік-кеңесу органдарына ҰКП өкілдерінің белсенді түрде қатысуы жоспарлануда.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: