«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры бір жыл ішіндегі жұмысы мен шағын және кәсіпкерліктің даму күйіне есеп берді

2015 жылғы 21 Қаңтар
8080 просмотров

ҚР ҰКП-ға «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2013 жылғы жылдық есебі мен «Даму» Қоры жұмыста қолдану үшін ұсынған «Қазақстан мен оның өңілерінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі туралы есеп» кітабының алтыншы шығарылымы келіп жетті.

2013 жылға Даму Қорының жылдың есебі Қор, оның мақсаттары, міндеттері және басқа да жалпы ақпараттан, сонымен қатар 2013 жыл қорытындысы бойынша қызметтің басты көрсеткіштерінен, қызмет нәтижелерін бағалаудан, қаржы есептілігі мен аудиторлық қорытындыдан тұрады.

«Қазақстан мен оның өңірлеріндегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі туралы есеп» кітабының алтыншы шығарылымы – мынадай бөлімдерден тұратын көлемді материал:

  1. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі мен қозғалысына мониторинг
  2. Қазақстан өңірлеріндегі ШОК дамуы көрсеткіштерін салыстыру
  3. Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі ШОК субъектілерінің дамуына талдау
  4. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижелері
  5. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» 4 бағытын жүзеге асыру нәтижелерін талдау
  6. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесі
  7. «Даму» Қоры серіктес жоғары оқу орындары мамандары даярлаған талдау материалдары.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жылдық есебі мына жерде.

«Қазақстан және оның өңірлерінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі туралы есеп» кітабының алтыншы шығарылымы мына жерде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер