ҚР ҰКП кедендік реттеу жөніндегі маманды аттестаттаудан өткізу бойынша ұсыныс енгізді
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына ҚР Қаржы Министрінің «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудегі кейбір мәселелер туралы» Бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарауға келіп түсті.
Бұл бейіндегі маманды аттестаттаудан өткізуді жүргізумен Астана қаласы, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменттері айналысады.
Ұлттық палата сарапатамалық қорытындымен мынадай ұсыныстар енгізді:
1) басқа өңірлерде тұрып жатқан, кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алуға үміткер тұлғалардың қаржылай және уақыт шығындарын қысқарту мақсатында, Бұйрық жобасының 1 Қосымшасын ұсынылып отырған Тізбеге кірмеген барлық облыстық аумақтық мемлекеттік табыс органдарымен толықтыру.
2) мемлекеттік табыс аумақтық органдарының лауазымды тұлғаларымен үміткердің байланыстарын барынша азайту, сондай-ақ тестілеу өткізу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында, Бұйрық жобасына 2 қосымшаны үміткердің өтінімді қағаз тасымалдауышта ғана емес, электронды түрде де беру мүмкіндігін ұсынатын тармақпен толықтыру.
3) тестілеу жүргізудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері тікелей емтиханға қатысуы қажет.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сараптамалық қорытындысымен егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: