«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Индустрияландыру картасының әсерін есептеп шықты

2015 жылғы 15 Қаңтар
3884 просмотров

Индустрияландыру картасы аясындағы ҮИИДМБ бірінші бесжылдығы жеке инвестициялардың 3 трлн теңгесіне 1042 жобадан 770 жобаны жүзеге асырумен аяқталды, 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Бұл жобаларды жүзеге асырудан жалпы 4 жылдағы ел экономикасына әсер мынадай.

ҰКП есептеуінше, ЖІӨ өсіміндегі Карта жобаларының үлесі 2010 жылы 7,3% шынайы өсуде 0,5 пайыздық тармақты құраған (бұдан әрі–п.т.), 2011 жылы – 7,5%-да 1,7 п.т., 2012 жылы – 5%-да 1,3 п.т. және 2013 жылы шынайы өсудің 6%-нан 0,8 п.т. құраған.

Келесі кестеден көрініп отырғандай, 2020 жылға дейінгі болжамды кезеңде Карта жобаларын жүзеге асырудан әсерлер үлесі ЖІӨ 5-6,4% өсімінде жыл сайын 1,2-1,8 п.т. деңгейінде күтілуде.

Индустрияландыру картасы қазірде АӨК, туризм, энергетика, фармацевтикалық, жеңіл өнеркәсіп, сонымен қатар көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылым жобалары кірмейтін ИИДМБ-2 екінші бесжылдығының жаңа басымдылықты салаларын ескере отырғанда өзектендіру процесінен өтуде.

2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) ҚР Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен бекітілгені белгілі. Бұл құжатты әзірлеуге барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдар, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар алдыңғы құжат – «Қазатомпром» ҰАК» АҚ демеушілік қолдауымен 2020 жылға дейінгі ҚР Индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасын әзірлеу кезінде тартылған шетелдік және отандық сарапшы-консультанттар тартылғанын атап өту керек.

Үстіміздегі жылдан бастап ИИДМБ-2 бастау алып, 2015 жылы жүзеге асыруға жалпы 200,7 млрд теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде 54,7 млрд теңге Республикалық бюджеттен және 146 млрд теңге ҚР Ұлттық қорынан бөлінбекші. ҚР Ұлттық қоры қаражатының біраз бөлігі «Қорғас – Шығыс қақпасы» және «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақтарының құрылысына бөлінеді - 81 млрд теңге, қалған бөлігі өңдеуші өнеркәсіптің басымдылықты секторларындағы инвестициялық жобаларды кредиттеуге жұмсалады.

Бизнесті қолдаудың негізгі бағыттарының бірі ретінде кластерлік ұстаным белгіленіп отыр. Сонымен, ИИДМБ-2-ге сәйкес осы ұстаным аясында салық және кедендік жеңілдіктерді қолдану және инфрақұрылым нысандарын қамтамасыз ету жолымен байқау негізінде аумақтық кластерлерлер бастамаларын қолдау көзделуде. Іріктеу бойынша сәйкес ережелер үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында қабылданатын болады. Сонымен қатар байқауға металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, материалдар құрылысы және тамақ өнеркәсібі сияқты өнеркәсіп салаларындағы қызметтің басымдылықты түрлерін жүзеге асырушы барлық кәсіпорындар қатыса алатынын атап өту қажет. Сонымен қатар, бағдарламаға өздері орналасқан өңір ерекшелігіне жауап беретін қызмет түрін жүзеге асыратын кәсіпорындар қатыса алады. Мысалы, басымдылықтар қатарына кірмейтін фармацевтикалық өнім, жиһаз немесе тоқыма өндірісімен айналысатын кәсіпорын да кластерлер іріктеу жөніндегі байқауға қатысып, «Бизнестің жол картасы-2020» аясында ЕДБ кредиттері бойынша кепілдік беру және қаржы лизингі шарттары немесе кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша, кедендік баждардан босату және «Инвестициялар туралы» Заң аясында заттай грант алу бойынша қолдау шараларын ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер