Астанада өткен брифингте ішкі нарықты қорғауға қатысты ҰКП ұсыныстары мәлімделді
2015 жылғы 14 қаңтарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингте Еуразиялық экономикалық одақтағы қазіргі экономикалық жағдайларда ішкі нарықты қорғауға, оның ішінде ресейлік валютаға қатысты теңгенің нығаюы туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары түсіндірілді.
Естеріңізге салсақ, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз ұсынысын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы келісімдермен рұқсат етілетін, уақытша сауда шектеулерін енгізу жөніндегі ұсынысы мәлімделген ақпараттық хабарлама таратқан болатын. Айтар болсақ, ЕАЭО мүше мемлекеттер бір-біріне қатысты сырттан келетін және сыртқа шығарылатын тауарларға кедендік баждар (басқа да баждар, эквиваленттік әрекеттерді иеленетін салықтар мен алымдар), тарифтік емес реттеу шараларын, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қолданбайды. Сонымен қоса, ЕАЭО туралы шарттың 29 бабында ішкі нарық тауарларының қызмет ету тәртібінен шығарылуы қарастырылады. Осылайша, ЕАЭО елдері өзара тауар саудасында шектеулерді (егер шектеулер дәлелденбеген кемсітушілік немесе бүркеулі сауда шектеулерінің құралы болып табылмаған жағдайда) осы шектеулерді енгізу қажет болған жағдайда, келесі мақсатта шектеулер енгізуге құқылы:
1) адам өмірі мен денсаулығын қорғау;
2) қоғамдық мораль және құқықтық тәртіпті қорғау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) мәдени құндылықтарды, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;
5) халықаралық міндеттемелерді орындау;
6) Одаққа мүше мемлекет қауіпсіздігі және елдің қорғалуын қамтамасыз ету.
ЕАЭО туралы шартының 29 бабы 6 тармағында көрсетілген, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізінде тауарлардың жекелеген санатының айналымына шектеу қойылуы мүмкін. Мемлекеттік деңгейде қауіпсіздік түсінігі, оның ішінде «экономикалық қауіпсіздік» түсінігі «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған. Бұл ретте мемлекеттің тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасымен отандық кәсіпорындар үшін экономикалық зиян байқатып отырған тауарлар топтарына қатысты сауда шектеулері енгізілуі мүмкін. Бұл сырттан тауар әкелуді (квоталар) шектеу, импортқа тыйым салу, импортты лицензиялау болуы мүмкін.
ҚР ҰКП аталған шаралар өңдеу индустриясында, машина жасау, тамақ өнеркәсібінде және т.б. қолданылуы мүмкін. Қазіргі уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасына осы және басқа да салалардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендегені жайлы ақпараттар келіп түсуде.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған шараларға қосымша, өңдеу секторының кәсіпорындарын, ең алдымен ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды арнайы субсидиялауды жүзеге асыруды ұсынады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық экономиканың импортқа тәуелділігін төмендету үшін қолданыстағы өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында, ең алдымен азық-түлік қоржыны тізіміне кіретін тауарлар бойынша, импортты алмастыру бойынша кешендік жоспарды әзірлеу және енгізу өте маңызды деп санайды.
Контрциклдық шаралар кешеніне келесі шараларды қосу маңызды деп санаймыз:
– отандық тауар өндірушілерге тапсырысты арттыру және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторлардың сатып алуларында шағын және орта бизнес үлесін арттыру;
– индустриалдық сертификаттар институтын енгізу арқылы өндірістік қуаттылығы есебінде нақты тауар көлемін өндіруге қауқарлы, отандық тауар өндіруші статусын растайтын, отандық тауар өндірушілерді қолдау тиімділігін арттыру;
– импортты отандық бәсекеге қабілетті өніммен алмастыруға бағытталған барлық жобаларға инвестициялық субсидиялау бағдарламасын кеңейту;
– жеңілдіктер жағдайында, оның ішінде шет ел валютасында берілген қарыздарды теңгемен қайта қаржыландыруды көздейтін кредиттеу бағдарламаларын жалғастыру және кеңейту.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: