Еуразиялық экономикалық комиссия Тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу (әкету) ережелерінің 19 жобасын дайындады
ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес тарифтік емес реттеу саласында нормативтік құқықтық база келтіру аясында Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО кедендік аумағына Тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу (әкету) туралы ереженің 19 жобасын дайындады:
- адам ағзалары және (немесе) ұлпалары, қаны және оның компоненттері, биологиялық материалдар үлгілері;
- минералдық шикізат;
- жабайы тірі жануарлар, жекелеген жабайы өсімдіктер және жабайы өсетін дәрі-дәрмек шикізаты;
- сирек кездесетін және жоғалу қаупі төніп тұрған жабайы тірі жануарлар және ЕАЭО мүше мемлекеттері қызыл кітаптарына енген жабайы өсімдіктер;
- қауіпті қалдықтар;
- мәдени құндылықтар, ұлттық мұрағат құжаттары;
- шифрлау (криптографиялық) құралдар;
- есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары;
- азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондары;
- минерология, палеонтология бойынша коллекциялық материалдар, қазып алынған жануарлар сүйектері;
- ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар;
- өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер);
- есірткі заттар мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар;
- азаматтық нысанадағы радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, сонымен бірге басқа тауарларға кіріктірілген не болмаса құрамына кіретін заттар;
- асыл тастар;
- асыл металдар және асыл металдан тұратын шикізат тауарлар;
- емдік дәрі-дәрмектер;
- отын-энергетикалық және минералдық шикізат кен орындары және аудандар бойынша жер қойнаулары туралы ақпарат;
- озон қабатын бұзушы заттардан тұратын өнімдердің озон қабатын бұзушы заттары.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін КО және БЭК аясында үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы Келісімнің әрекет етіп келгенін естеріңізге сала кетейік. ЕАЭО туралы Шарттың үшінші елдерге қатысты Тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттамасының күшіне енуіне орай үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Бірыңғай тауарлар тізбесінің жобасы да әзірленді. Мұндай шараларға жататындар:
1) тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым;
2) тауарларды әкелуді және (немесе) әкетуді сандық шектеулер;
3) тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға ерекше құқық;
4) тауарлар экспортын және (немесе) импортын автоматты түрде лицензиялау (бақылау);
5) тауарларды әкелудің және (немесе) әкетудің рұқсат ету тәртібі.
Ереже жобаларын талқылау бойынша жиналыстар топтамасы 2015 жылғы ақпан-сәуір айларында Мәскеу қаласында өтеді.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді, сонымен қатар жиналыстарға қатысу үшін кандидатураларды ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына электронды мекен-жайға жолдай аласыз: a.medebayeva@palata.kz, немесе мына телефон бойынша: +7 /7172/ 919-372.
Жиналыстар кестесімен мына жерде танысуға болады.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясында үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйымдар немесе шектеулер қойылатын Бірыңғай тауарлар тізбесімен мына жерде танысуға болады.
Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Бірыңғай тауарлар тізбесінің сәйкес бөлімдерінің жобасымен мына жерде танысуға болады.
- Адамның ағзаларын және (немесе) ұлпаларын, қанын және оның компоненттерін, биологиялық материалдар үлгілерін ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.21 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Минералдық шикізатты ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.11 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Жабайы жануарларды, жекелеген жабайы өсімдіктерді және жабайы өскен дәрі-дәрмек шикізатын ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.6 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- ЕАЭО мүше мемлекеттері қызыл кітаптарына енгізілген сирек кездесетін және жоғалу қаупі төніп тұрған жабайы жануарларды және жабайы өсімдіктерді ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.8 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Қауіпті қалдықтарды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 1.2 және 2.3 бөлімдерін мына жерден жүктеуге болады.
- Мәдени құндылықтарды, ұлттық мұрағат құжаттарының құжаттарын ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.20 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Шифрлау (криптографиялық) құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.19 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.12 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін және оның патрондарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 1.6 және 2.22 бөлімдерін мына жерден жүктеуге болады.
- Минерология, палеонтология бойынша коллекциялық материалдарды, қазылып алынған жануарлар сүйектерін ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.4 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.17 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) ЕАЭО кедендік аумағына әкелу туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.2 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Есірткі заттардың және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.13 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Азаматтық нысанадағы радиоэлектронды құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды, сонымен бірге кіріктірілген не болмаса басқа да тауарлар құрамына кіретін құралдарды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.16 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Асыл тастарды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.9 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Асыл металдарды және асыл металдардан тұратын шикізат тауарларды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.10 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Емдік дәрі-дәрмектерді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.14 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Отын-энергетикалық және минералдық шикізаттық кен орындары және аудандары бойынша жер қойнаулары туралы ақпаратты ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 2.23 бөлімін мына жерден жүктеуге болады.
- Озон қабатын бұзушы заттардан тұратын өнімнің озон қабатын бұзушы заттарын ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және ЕАЭО кедендік аумағынан әкету туралы ереже, бірыңғай тізбенің 1.1 және 2.1 бөлімдерін мына жерден жүктеуге болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: