ЕАЭО Кеден кодексі жобасы төңірегіндегі келіспеушіліктер Мәскеуде талқыланады
2015 жылғы 21 қаңтарда Мәскеу уақыты бойынша 15.00-де Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында (Мәскеу қаласы, Летниковская көшесі, 2 үй, 2 құрылыс, «С» корпусы, 631 бөлме) мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдары басшылары, Қазақстан, Ресей, Беларусь бизнес-қоғамдастықтары өкілдері, сонымен қатар ЕЭК қызметкерлері қатысуымен жиналыс өтеді.
Жиналыс Еуразиялық экономикалық одақ КК жобасын даярлау барысында туындаған келіспеушіліктерді реттеу мақсатында өтеді. Атап айтқанда, кеден баждарын төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу пайыздарын есептеу тәртібін, кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік процедурасы әрекетін аяқтауды, заңды тұлғаларды кеден өкілдері тізіліміне енгізу шарттарын және басқаларын талқылайды.
Күн тәртібімен және отырыс материалдарымен егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады.
Барлық мүдделі тұлғалардың отырысқа қатысу үшін кандидатураларын, сонымен қатар материалдарға ұсыныстар мен ескертулерді ҚР ҰКП Кедендік әкімшілеу департаментіне, мына электронды мекен-жайға жолдауды сұраймыз: a.nurmaganbetova@palata.kz.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: