«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнеске бөгет жасаушы мемлекеттік органдарды атады

2015 жылғы 08 Қаңтар
5730 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы брифингте 2014 жылғы өңір кәсіпкерлерімен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу рейтингінің қорытындысын жариялады. 

Бұл пилоттық рейтинг «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалымен бірлесіп жасалды. Нәтижелер 2014 жылы кәсіпкерлерден өңірлік палатаға келіп түскен барлық өтініштер негізінде, және де «Атырау облысы Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігін тарту жолымен жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша жасалды.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен өзара әрекеттестігінің үш көрсеткішін бөліп көрсетті. Біріншісі – бизнестің дамуына шағын кедергі келтіретін мемлекеттік органдар. Екіншісі – әрекетсіз мемлекеттік органдар, яғни кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жасаған сәйкес сұрауларына Палата жауап ала алмаған мемлекеттік органдар. Және де үшінші көрсеткіш – бұл бизнес субъектілері құқықтары мен мүдделерін қорғау жағынан табысты ынтымақтастық орнатқан мемлекеттік органдар.

«Бизнестің дамуына ең көп кедергі келтіруші мемлекеттік органдар тізіміне қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдері түсті. Атап айтқанда, өткен жылы Палатаға облыс кәсіпкерлерінен келіп түскен 100-ден астам өтініш ішінен 60 пайыздан астамы осы мемлекеттік органдар әрекетіне, нақтылай айтсақ, әрекетсіздігіне жасалған шағымдар болып табылады. Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша дәл осындай нәтижелер анықталды. Мемлекеттік қызметтің 30 түрі бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 684 кәсіпкерлік субъектісінен сауалнама алынған. Оның ішінде сұралғандардың 62 пайызы жер қатынастары мәселелеріндегі түйткілдерді атаған», - деп атап өтті Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев.

Өңірлік палата басшылығының айтуынша, жер қатынастары саласындағы жүйелік түйткілдер мыналар: жер телімін беру туралы немесе оның нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті ұзақ қарау (2 айдан 2 жылға дейін), жерге орналастыру жобасын даярлағаны үшін қызмет құнының жоғарылығы.

Құрылыс саласында жүйелік түйткіл болып табылатындар: эскиз жобаларын бекітудің ұзақ мерзімі (2 айдан 4 жылға дейін), ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты лицензия беруден бас тарту, нысанды пайдалануға беру. 

Осыған орай Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жер қатынастары және құрылыс саласындағы әкімшілік кедергілерді төмендету үшін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп қала әкімдігі мамандарын, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, құрылыс бөлімдерінің басшыларын тартумен ай сайын Ашық есік күндерін өткізуді ұйымдастырды.

Сәулет бөлімінің қызмет көрсету залында кәсіпкерлерге ғана қызмет ұсыну үшін жеке терезе ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде, сонымен қатар қала әкімімен ӨКП өкілдерін қала құрылысы комиссиясының (эскиз жобаларын бекіту) құрамына қосу туралы, ал облыс басшысымен ХҚКО мысалында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу бойынша келіссөздер жүргізбекші.

ӨКП сонымен қатар облыс әкіміне жер қатынастары, құрылыс бойынша мемлекеттік органдарды бір мекемеге шоғырландыру туралы ұсыныс даярлады.

Әрекетсіз мемлекеттік органдар тізіміне Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекция мен Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет департаменті алынды. Атап айтқанда, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының аталмыш мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің монополистермен арадағы түйткілдерін шешуге жәрдем көрсетуді сұрап жасаған сұраулары көбінесе жауапсыз қалып жатты, осының нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасы туындаған мәселелерді өз бетінше тікелей монополист кәсіпорын басшылығымен шешті.

«Осыған орай  басшылығы Палатаның шағын бизнес субъектілері үшін электр энергиясына 100% алдын ала төлемді тоқтату туралы ұсынысына жедел жауап қатқан «Атырау-Жарық» кәсіпорнын атап өткіміз келеді. Екі тараптың тиімді әрекеттестігінің арқасында сәйкес меморандум жасасуға қол жеткізіліп, бүгінде осының арқасында шағын кәсіпкерлік субъектілері бұл төлемнен босатылып отыр. Бірқатар басқа өңірлерге қарағанда Атырауда бұл  келісімге сот органдарының араласуынсыз қол жеткізілді», - деп баса айтты өңірлік палата басшылығы.

Сонымен қатар, бүгінде «Қазтрансгазаймақ» АҚ Атырау филиалымен шағын бизнес субъектілері үшін мына талаптарды өзгерту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды:

 1) кәсіби техникалық қызмет көрсетуге тоқсан сайын емес, жылына екі рет төлем жасау;

2) асыра жасау/жетпей қалу үшін айыппұл шараларын болдырмау және іс жүзінде тұтынғаны үшін төлем;

3) техникалық шарттарды алу;

4) жылыту кезеңінде газбен жабдықтау желілеріне қосу;

5) газбен жабдықтау үшін 100% алдын ала төлемді тоқтату;

6) шағын бизнес және жеке тұлғалар үшін бірыңғай тарифтер орнату.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасымен бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде табысты ынтымақтастық орнатқан мемлекеттік органдар тізімінде Атырау облысы бойынша мемлекеттік табыс департаменті (атап айтқанда, бұрынғы Атырау облысы бойынша Салық департаменті). Кәсіпкерлерден келіп түскен осы мемлекеттік органның әрекетімен байланысты барлық өтініштер кәсіпкерлер пайдасына шешіліп отырған.  Осы департамент басшылығы кәсіпкерлерге көмек көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін МТД ғимаратында заманауи операциялық зал жасақтау бойынша ұсыныстарға жағымды жауап қатқан. Оны 2015 жылдың 1 тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Брифинг қорытындысын шығара отырып, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы рейтингтің негізгі мақсаты кәсіпкерлермен жұмыс жасауда ең көп түйткіл туындайтын мемлекеттік органдарды анықтау, осы түйткілдердің туындау себептерін білу және бизнестің қалыпты жұмыс жасауы үшін. Осы әкімшілік кедергілерді жою екендігін атап өтті. Болашақта мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен өзара әрекеттестік рейтингі тұрақты түрде жасалып, жарияланатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер