Кәсіпкерлерді тексеру жылына бір реттен жиі өткізілмейді
2014 жылғы желтоқсан айының соңында Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау төрт топқа бөлінеді.
«Бірінші топ – бұл тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерістер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерістер және бақылау мен қадағалаудың өзге де формалары қолданылатын кәсіпкерлік субъектілері (объектілері). Оларға атом энергиясы, қару айналымы, есірткі құралдары, прекурсорлар, улар, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілер жатады», - деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық қолдау бөлімінің бастығы Ренат Давлетпаев.
Сонымен бірге жоғары эпидемиялық маңыздылық нысандарына тексерістер жүргізу кезеңділігі жарты жылда бір реттен жиі өткізілмейді, орташа қауіп дәрежесінде – бір жылда бір реттен жиі емес.
Заң бойынша, тексеріс жүргізілген жылдың алдында өткен жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде және үстіміздегі күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейін реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі уәкілетті органға тексеріс жүргізудің бекітілген жартыжылдық кестелерін жолдайды. ҚР Бас прокуратурасы жартыжылдық, жиынтық тексеріс жүргізу кестелерін жасап, оны әрбір жылдың 25 мамыры мен 25 желтоқсанына дейін ресми интернет-ресурсқа орналастырады.
«Кәсіпкерлердің екінші тобына таңдаулы, жоспардан тыс тексерістер мен тәуекелдерді бағалау жүйесі негізіндегі бақылау мен қадағалаудың өзге де формалары қолданылады. Бақылау және қадағалау органдары таңдамалы бақылауды өткізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке талдау, жоспардан тыс тексеріс және бақылау мен қадағалаудың өзге де формалары нәтижелерінің талдауын, сондай-ақ өзге де ақпаратты келтіреді. Сонымен бірге екінші топқа жатқызылған кәсіпкерлер үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан жағдайда үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін», - деп атап өтті Ренат Давлетпаев.
Үшінші топқа өздеріне қатысты мына негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін кәсіпкерлер жатады:
- анықталған бұзуларды жою туралы ұйғарымның орындалуын бақылау;
- жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері;
- адамның денсаулығына, өміріне, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян тигізу қаупі туралы немесе нақты тигізу деректері бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
- өзге де мемлекеттік органдардың жүгінімдері.
«Төртінші топқа өздеріне қатысты тексеріс жүргізусіз бақылау мен қадағалаудың өзге де формалары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады. Бақылау мен қадағалау түріне қарай олардың өзге формаларын өткізу қорытындысы бойынша қорытынды құжаттар жасалады - анықтама, ұйғарым, қорытынды және т.б., әкімшілік құқық бұзу туралы іс қозғалмайды, алайда тексерілетін субъектіге оны жою туралы міндетті түсіндірумен», - деп баса айтты Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық қолдау бөлімінің бастығы Ренат Давлетпаев.
Сонымен бірге, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен аймақтық жиналыс барысында ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет төрағасы Әлиақпар Мәтишев айтқан ақпаратқа сәйкес, ҚР барлық кәсіпкерлік нысандарының 60%-ы тәуекелдің болмашы дәрежесіне жатады да, осылайша, бақылаудың өзге формасы бойынша хабарламалық тәртіпте тексеріледі.
Сонымен қатар, Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет басшысы хабарлағандай, тексерістерді ерекше тәртіпте жүргізген кезде тексерістердің баламалы формаларына (өзін-өзі бақылау) көшу көзделеді: санэпидаудит – халықтың санитарлық-эпидемиялық әл-ауқаты саласындағы заңнама талаптарын сақтаудың тәуелсіз аудиті, және де ХАССП жүйесін – өндірістік бақылауды енгізу.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: