«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП және «Даму» Қоры өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2014 жылғы 30 Желтоқсан
3812 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасына ие халыққа бейқаржылық қолдау көрсету шаралары аясында өзара әрекеттестік бойынша Келісім жасасты. Құжатқа ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры-басқарушы директор Дінмұхамет Әбсаттаров және «Даму» КДҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Ибрагимова қол қойды.

Құжат ҰКП үшін «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет жасайтын Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары көмегімен әлеуетті және әрекет етуші бизнесмендерге бейқаржылық көмек ұсыну түріндегі міндетті анықтайды.

«Сонымен, КҚО-да халық түрлі консультациялар, түсіндірулер, ақпарат, сондай-ақ сервистік қызметтер мен басқа да көптеген қызметтер ала алады. Сонымен қатар, Ұлттық палата «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қысқа мерзімдік оқытуды және бизнес жүргізу мен дамытудың функционалдық бағыттары бойынша тренингтер өткізуді; оқу-әдістемелік материалдың стандартты топтамасын дайындауды/өзектендіруді, тираждауды және ұсынуды; ақпараттық-талдамалық қолдауды және өзгелерін көздейтін «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсу»  жобаларын жүзеге асырумен айналысады», - деп түсіндіріп кетті Дінмұхамет Әбсаттаров келісімге қол қою салтанаты барысында.

Бұрындары хабарланғандай, ҰКП жанынан тұрақты орналасу орны анықталатын ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған Бизнес-мектеп құрылмақшы. Жоба сонымен қатар қалалар мен облыстар аудандарын қамтиды. Ұлттық палата базасында оқытудан өткеннен кейін кәсіпкерлерді мониторингілеу және сүйемелдеу жүйесі ұйымдастырылады. 

«Биылғы жылдан бастап «Бизнестің жол картасы-2020»» аясында сервистік қолдауды өңірлік кәсіпкерлер палатасы көрсететін болғандықтан, біз бірегей тәжірибе алып отырмыз. Жәрдем Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының базасында көрсетілді, содан біздің күш біріктіруіміз кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының қуатты жүйесін құруға көмектесетіндігін түсіндік», - деп қорытты Ләззат Ибрагимова.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер