Бизнес Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобасын міндетті сараптау ұстанымын қорғап қалды
Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының реттемесі кеше ғана Мәскеуде өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында бекітілді. Құжатта реттеушілік әсерді бағалау (РӘБ) процедурасы бекітілді. Бұл процедураны бастапқыда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұлғасында Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы алға тартқан болатын, ал кейін Ресей мен Белорусь іскерлік топтарының да ойы осы жерден шықты. Басқаша айтқанда, кәсіпкерлер бизнес мүддесін қозғайтын ЕЭК шешімдері жобаларын міндетті сараптауға қол жеткізді.
ЕЭК Реттемесі жобасын дайындау аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «БелӨКҚ» Беларусь өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы және Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің төрағасы Игорь Шуваловқа кәсіпкерлік қызметті жүргізуге әсер ететін құжаттар жобаларының барынша көп мөлшеріне РӘБ процедураларының таралуы қажеттігі жайлы бірыңғай ұстаныммен жүгінгенін естеріңізге сала кетейік.
ЕЭК Реттемесіне бизнес ұстанымының қосылуы еуразиялық интеграциялық процестерге қатысушы елдер кәсіпкерлік қоғамдастықтарының табысты әрекеттестігіне мысал бола алады деген ойдамыз.
ЖЕЭК отырысында сонымен қатар ЖЕЭК аясында дәрі-дәрмектердің, медициналық өнімдердің (медициналық нысандағы өнімдердің және медициналық техниканың) айналымы бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы Келісімдерге, ЕЭК және ЖЕЭК Соты қызметін реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сонымен бірге, отырыста құрамына көтерме және бөлшек сауда, ауыл шаруашылық саласындағы қызметтер, тұрмыстық қызметтер және басқа да секторлар кіретін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай қызметтер нарығы секторларының тізбесі бекітілді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл секторларда ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлеріне қызметтер жеткізу және алу үшін еркіндіктің ең жоғарғы деңгейі ұсынылмақшы. Қазақстан Республикасы құрылыс қызметтері үшін, барынша сезімтал ретінде, 2025 жылдан кешіктірмей ырықтандыру мерзімі белгіленді.
«Еуразиялық экономикалық одақ, ең алдымен, қарапайым халық пен оның негізгі мүддесі үшін құрылған. Балтық теңізінен Тынық мұхитына дейінгі, Арктикадан Тянь-Шаньға дейінгі ұланғайыр кеңістіктегі қатысушы мемлекеттердің 180 миллион азаматы бизнес жүргізу, еркін сауда жасау және жұмыспен қамтылу, коммуникацияларды қолдану, өңіраралық ынтымақтастықты және гуманитарлық әрекеттестікті кеңейту үшін тең мүмкіндіктерге ие болады. Экономикалық іргетасты бекітіп алып, достықты, көршілікті және елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы сенімді нығайтамыз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЖЕЭК отырысы қорытындысы бойынша өткен баспасөз-конференциясында.
ЖЕЭК шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының Мүшесі (Министр) болып Тайыр Мәнсүров тағайындалды.
Сонымен қатар, 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың төраға мемлекеті Беларусь Республикасы болатыны белгілі болды.
2014 жылғы қазан айында қатарына Армения қосылған Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылғы 1 қаңтардан қызмет жасай бастайтынын естеріңізге сала кетейік. 2014 жылғы 23 желтоқсанда өткен ЖЕЭК отырысында Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға бірігуі туралы Шартқа қол қою рәсімі өтті. Қырғызстан ЕАЭО-ға кіруі 2015 жылдың 9 мамырына қарсы аяқталады деп күтілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: