«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы адал тасымалдаушылар мен импортшылар тізімін дайындауда

2014 жылғы 25 Желтоқсан
3508 просмотров

Қазірде Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кеден одағының сыртқы шекарасын кесіп өту кезінде барынша қолайлы жағдайға ие болуы үшін адал ниетті отандық тасымалдаушылар мен импортшылар тізбесін жасап жатыр.

Ақтық тізімді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті анықтайды. Тәуекелдерді басқару жүйесі аясында Ресей аумағы арқылы келетін және Қазақстандағы ішкі тұтынуға арналған жекелеген санат тауарларына қатысты Беларусь пен Ресей құзырлы органдары тарапынан кедендік бақылау барынша азайтылады деп күтілуде. Бұл туралы 2014 жылғы 4 желтоқсанда өткен Кеден одағына мүше мемлекеттер кедендік қызметтері Бірлескен алқасында шешілді.

Бұрынырақ Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы СЭҚ отандық қатысушылары мен Ресей арқылы транзитпен автомобиль көлігімен «санкциялық» өнім әкелуші кәсіпорындар түйткілдеріне орай алаңдаушылық білдіргенін естеріңізге сала кетейік. Ұлттық палата ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың атына жағдайды қарастыруды және кәсіпкерлер құқығын қорғауды сұрап, өтініш жолдады.

Қосымша ақпарат үшін ҚР ҰКП Кедендік әкімшілеу департаментіне мына телефон бойынша жүгінуді сұраймыз: +7 7172 919 341 немесе email: a.nurmaganbetova@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер