«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес құрылды

2014 жылғы 24 Желтоқсан
3751 просмотров

2014 жылғы 24 желтоқсанда ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес Қазақстанда осы саланы дамыту үшін және мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар үйлестірілуі үшін қажет шаралар кешенін дайындау, сараптамалық бағалау және өркендету үшін құрылды.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Кеңестің алғашқы отырысында жастар кәсіпкерлігі саласында шешілуге тиіс түйткілдердің көптігін айтты.

«Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес Ұлттық палатаның жаңадан құрылған консультативтік-кеңесу органы. Біз осы бағытты талқылап, маңызды әлеуметтік мәселе – жастарды кәсіпкерлікке тартуға жауап қатуға бел будық. Халықтың 30%, не болмаса 5 миллионан астам адам 15 пен 29 жас аралығындағы жастар. Кеңестің міндеті бар энергиясын жұмылдырып, жас буынның Қазақстан экономикасындағы барлық салаларда көшбасшы орын алуы үшін, осы күшті сындарлы арнаға бағыттау. Елбасы жастар саясатына үнемі басымдылық беріп отырады. Президент «Нұрлы жол» Жолдауында да жастармен жұмыстың маңыздылығын атап өтті», – деді Абылай Мырзахметов. Басқарма Төрағасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа Кеңес аясында бизнес мәселелерін ғана емес, жастардың жұмыспен қамтылу мәселелерін де шешуге дайын екендігін атап өтті.  

«Қоғамдық пікір» институтының директоры Ботагөз Рақышева «Жас кәсіпкерлердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуі» тақырыбында баяндама жасады. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты өз зерттеуінің барысында күллі Қазақстанның кәсіпкерлері арасында сауалнама жүргізіп, бизнес ашудағы түйткілдерді, олар қажет ететін қолдау түрлерін және ШОБ дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтаған екен.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау туралы басқарушы директор, акционерлік қоғамның басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков сөз қылды. «Даму» КДҚ 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға оқыту, тәлімгерлік, қаржыландыруға қол жеткізуге жәрдем жасау, ақпараттық қолдау жолымен көмектесетіндігі аталып өтті. Ісін бастаушы бизнесмендерге 3 жыл субсидиялау мерзімімен (ұзарту мүмкіндігі бар) және 14% максималды сыйақы мөлшерлемесімен 4,5 млрд теңгеге дейінгі сомадағы кредит беріледі, оның үстіне кәсіпкер тек 7% ғана төлейді.

Сонымен қатар «SAGE Kazakhstan» оқушылар арасында кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жөніндегі жобасы таныстырылды. Бұл жаһандық тұрғыдан ойлайтын бизнес-көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасуына және олардың әлемдік бизнес-қоғамдастыққа интеграциясына септесетін коммерциялық емес, халықаралық білім беру бағдарламасы. Жоба Қазақстанда 2013 жылдан бері жүзеге асырылуда, ал қазірде ол күллі ел бойынша 200 білім алушыны қамтып отыр. Олар өз ісін жүргізудің қыр-сырына, топта жұмыс жасауға, презентациялар өткізуге, демеушілер тартуға және басқаларына үйретілдеді.

Бизнес-тренер Асқар Өтепқалиев жұмыссыз жастарды, жоғары курс студенттерін және жас бизнесмендерді оқыту бағдарламасы туралы айтып берді. Осы бағдарлама аясында ҚР ҰКП жанынан Бизнес мектебі құрылмақшы. Тәжірибелі де табысты кәсіпкерлерден үш ай бойы дәріс алып болған соң Мектеп түлектері өз ісін ашудың барлық мүмкіндігіне ие болады. Бизнес мектебінде білім алушылар инвесторлар іздеу және басқа да қаржыландыру жолдарын іздеумен де айналысады.

Отырыста 2015 жылға арналған ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес жұмысының жоспары бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер