«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Съезді шақыру туралы хабарлама

2014 жылғы 25 Желтоқсан
3896 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) осы хабарлама арқылы, ҚР ҰКП Төралқасы Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

ҚР ҰКП Съезі 2015 жылғы 27 қаңтарда сағат 11:00-де, Астана қаласы, Rixos President Astana қонақүйі мекенжайында өтеді.

Съезд делегаттарын тіркеу 2015 жылғы 27 қаңтарда сағат 9:00-де басталып, 10 сағат 30 минутке дейін жүргізіледі.

Тіркеуден өту үшін жеке тұлғаны растайтын құжат ұсыну қажет.

Іс-шара күн тәртібінде:

  • Міндетті мүшелік жарнаға қатысты кейбір мәселелер;
  • Басқа да сұрақтар.

Күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша құжаттар Съезд қатысушыларына оның өткізілу күніне дейін электрондық байланыс арқылы қосымша жолданады.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 91-93-56; 91-93-67.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер